Ең алғаш Америкада тойланған мереке
Біз «алғыс айту күні» туралы аз білеміз, негізінен американдық фильмдерден көргеніміз бар. Бірақ бәрі мерекенің тарихын, оның әдет-ғұрпын, бұл күннің неге соншалықты маңызды екенін және күркетауықтың бұл мерекеге не қатысы бар екенін білмейтініміз анық. Сондықтан осы мақаламызда мерекенің шығу тарихы туралы сіз естімеген қызықты ақпараттармен бөлісетін боламыз.
Алғыс айту күні қазан айының екінші дүйсенбісінде Канадада және қарашаның төртінші бейсенбісінде АҚШ-та атап өтіледі. Міне осы мерекеден американдықтар Жаңа жыл мен Рождествоға белсенді дайындалада бастайды. Ал мерекеден кейінгі күні «Қара Жұма» деп аталатын Рождество алдындағы сатылым маусымы басталады.
Алғыс айту күні қазан айының екінші дүйсенбісінде Канадада және қарашаның төртінші бейсенбісінде АҚШ-та атап өтіледі. Міне осы мерекеден американдықтар Жаңа жыл мен Рождествоға белсенді дайындалада бастайды. Ал мерекеден кейінгі күні «Қара Жұма» деп аталатын Рождество алдындағы сатылым маусымы басталады.
Бұл күннің шығу тарихы 1620 жылға қарай Америка жеріне Англиядан келген алғашқы иммигранттармен байланысты. Тарихқа сүйенсек дәл осы жылы ағылшындар қазіргі Массачусетс штатындағы әйгілі Майфлауэр кемесіне келіп, Плимут колониясын құрған. Бірақ колонистер қатал климатқа үйрене алмай, келгендердің жартысынан көбі суық пен аштықтан қаза тапқан. Сол сәтте жергілікті үндістер көмекке келіп, оларға бұршақ, жүгері, асқабақ және басқа да дақылдарды тасты топырақта өсіруді үйретеді.
Нәтижесінде еңбек ақталып, келесі жылы ағылшындықтар еккен егін мол өнім берді. Осыған орай, колонизаторлардың бірінші губернаторы В.Брэдфорд Жаратқанға алғыс айтып, құрбандық шалуды ұйғарды. Сонымен бірге ағылшындар сол жылдың күзінде үлкен кеш ұйымдастырып, оған өздеріне көмектескен тайпа көсемі мен үндістерді шақырады. Міне осы кеш алғыс айту күнінің пайда болуына жол ашқан еді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін және АҚШ-тың біртұтас мемлекеті жарияланғаннан кейін Алғыс айту күні әр Президенттің тұсында үнемі өзгеріп отырды. Алдымен Дж. Вашингтон алғыс айту күнін жыл сайын 26 қарашада ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Содан кейін мереке Линкольн мен Рузвельттің шешімімен қараша айының соңғы бейсенбісінде тойланды. Алайда, Рузвельт декларациясының міндетті күші болмағандықтан, барлық Штаттар Алғыс айту күнін әртүрлі күндерде атап өтті. Тек 1941 жылы АҚШ Конгресі шешім қабылдап, оған Алғыс айту күні ресми түрде қарашаның төртінші бейсенбісінде атап өтілетін болды.
Енді тарихтан біраз алшақтап, қызықты деректерге көшейік. Американдықтар қазір бұл мерекені қалай атап өтеді екен осыны зерттеп көрдік.
21 ғасырда Алғыс айту күні өзінің діни маңыздылығын жоғалтты және барлық отбасы мүшелерінің басы қосылған кезде тойланатын жалпыхалықтық мерекеге айналды. Яғни дәстүр бойынша барлық отбасы мүшелері үлкен үйде бас қосып, түскі ас ішеді. Әрі дастархан басында өткен жылы болған барлық жақсылықтар үшін отбасы мүшелеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады. Осы кеште міндетті түрде үстелге күркетауық еті, картоп пюресі, мүкжидек шырыны және үлкен асқабақ бәліші қойылады. Бір қызығы, күркетауық алғыс айту күнінің басты тағамы саналады. Тарихқа сәйкес, аштық жылы кезінде қоныстанушылар ұстап ала алған жалғыз құс осы күркетауық болған.
Көңіл көтеру бөлігіне келетін болсақ, мерекелік түскі астан басқа, Алғыс айту күнінің ажырамас бөлігі ретінде жыл сайын ұймдастырылатын шеруді айтуға болады. Ал шерудің шығу тарихына келер болсақ, 1924 жылы «Macy's» әмбебап дүкендерінің жұмысшылары желілік дүкендерде Рождестволық жәрмеңкелердің басталуына орай карнавал ұйымдастырған күннен бастау болады. Содан бері қарашаның әр төртінші бейсенбісінде Нью-Йорк көшелерімен орталық саябақтан Хералд алаңының жанындағы әмбебап дүкеннің кіреберісіне дейін үлкен үрленетін ойыншықтары бар жарқын карнавал платформалары өтеді, ал шерудің өзі таңертеңнен бастап телеарналар арқылы бүкіл елге таратылады.
Ал біздің елімізде бұл мереке 2016 жылдан бастап көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурыз күні тойланып келеді. Көп ұлтты мемлекет болғандықтан мереке «Қазақстан халқы Ассамблеясының» құрылған күніне орай белгіленген. Мұндағы мақсат барша ұлттардың татулығы мен бірлігін нығайтып, елімізде мекендейтін барша халықтардың қазақ халқына алғыс білдіруіне арналған.
Рамазан ӘНӘПИЯ