Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік отбасы - есірткіден алыс!

Берік отбасы - есірткіден алыс!



«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
 тарапынан жарияланған байқауына»
   ЖҰМАБЕКОВТАР ОТБАСЫ
Әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз-ол, әрине біздің отбасымыз. Отбасы мүшелері қиындықта да қуанышта да жаныңнан табылады, олар бір-бірімізге сүйеніш бола біледі. Тек қана отбасымыз ғана бізге күш-жігер береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылықтарға бізді  баулыйды. Отбасының мәртебелік мәні қашанда терең екені белгілі.
Берік отбасының іргесі биік, керегесі кең, шаңырағын бекем ететін ұлттың басты құндылығы – өрелі ұрпақ, өнегелі отбасы болатыны анық.
Әрбір отбасындағы балалар бақытты болуға лайықты. Денсаулық – табиғаттың ең қымбат сыйы демекші, адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ.
Есірткі, ішімдік, зиянды заттардың көптеген ауруға душар етеді, бірте-бірте есірткі адамды өз өмірінен ығыстырып шығып, ең соңында өлімге әкеліп соғады. Біздің денсаулығымыз мықты болса, кейінгі жас ұрпақ ұзақ жасайды. Нашақорлықтан аулақ болып, оны ойлаудан арылыңыздар! Есірткіге жол жоқ! Біз ертеңгі ұпағымызды ойлауымыз керек.
Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Әр отбасында ақыл-кеңесін айтып отыратын қарияларымыз, бір-біріне қамқор бола алатын отбасы мүшелері көптеп болса, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидаты сақталады.
Отбасында өмірге келген сәби ата-анасының тәрбиесін көріп, өздерінің ата тегін ажыратып жиі айтатын болып, сондай-ақ, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген баланың өмірлік ұстанымдары ерекше болады.
Сонымен қорытындылай келе, балаларымызды жаман зиянды әдеттерден аулақ болу үшін барынша жақсы тәрбиелеуге ат салысайық! Жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиретуге, жасөспірімдердің бойына жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бет бұрайық!
№127 мектеп-лицейі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
#есірткігеқарсы  #противнаркотив
20 ақпан 2022 ж. 294 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 49

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031