Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік отбасы - есірткіден алыс!

Берік отбасы - есірткіден алыс!



«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
 тарапынан жарияланған байқауына»
  ЖАҚСЫЛЫҚОВТАР  ОТБАСЫ
Қалай десек те, ең мықты табиғи мектеп – отбасы. Адам баласына қатысты игіліктің барлығын бағалай білетін халқымыз үшін отбасы құндылығының маңызы зор екені бәрімізге белгілі.
Берік отбасында берілген дұрыс тәлім-тәрбие жас өркенді көптеген келеңсіздіктерден сақтап қалады. Біздің отбасымызда ата-анамыз жақсы қасиеттерді біздің бойымызға сіңіртіп келеді, ел дамуы үшін бұның пайдасы зор. Себебі әр отбасында жарасымдылық, бір-біріне мейірімділік, бауырмалдылық болса, онда балаға үлкен тәрбие ошағы болмақ.
Жас дос! Нашақорлық, зиянды заттар, есірткіден аулақ болайық! Қазіргі кезде көптеген жастарымызға жүрген жерімізді нашақорлықтың зиян екенін айтып жүрейік! Қоғамда жаман жолға байқамай түсіп кетіп жатқан қаншама жастарды тура жолды көрсетуге көмек берейік! Есірткі заттары есі кірген адамдардың есін тез-ақ улайды. Есірткі сіздің денсаулық үшін ешқандай пайда әкелмейтіндігін түсінетін заман екенін анық көре аламыз. Жаңалықтар, интернет желісінде, газет-журналдарда есірткі қаншама отбасының ойранын шығарғандығын байқауымызға болады.
Есірткі – химиялық тұрғыдан алғанда улы заттардың қосындылары. Мен жаман әдеттерді ойламаймын, тек жақсы нәрселерді ойлағым келеді деп жастар өз-өзіне мақсат қоя білсе, сонда ғана сол орындалады.
Әр ата-ана ертеңгі өмірдің болашағы, яғни жас балаға тәрбиенің мәнділігін, оның қаншалықты маңызды екендігін үнемі түсіндіріп отыру қажет.
Отбасы құндылықтарды біз жылдан жылға қастерлеп, оларға кір келтірмей жүреміз. Бұл барша халықтың басты парызы деп білемін.
Достар, отбасындағы тығыз қарым-қатынасты, сыйластықты, түсіністікті одан сайын нығайтуға күш жасайық! Әр жанұяда ауызбіршілік, ынтымақ, бірлік болсын!
 Біздің отбасымызбен бірге салауатты өмір салтын ұстанамыз, үнемі бос уақытта спортпен шұғылдануды әдетке айналдырғанбыз. Сіздерде біз сияқты салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Сонда ғана сіздер терең қартаясыздар.

№148 қазақ орта мектебі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылы
#есірткігеқарсы  #противнаркотив   @upndpkzo
18 ақпан 2022 ж. 505 0