Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Берік отбасы - есірткіден алыс!».

«Берік отбасы - есірткіден алыс!».

Жәрдемхан отбасынан! Мен есірткі затына қарсымын. Есірткі адам  денсаулығына зиян және қауіпті.Оны қолданған жағдайда  өлімге жақындайсың,отбасыңнан алыстайсың. Есірткіге құмар адамдардан аулақ болған дұрыс. Заңға қарсы келетін заттарды пайланбауға кеңес беремін. Досым, саған осы нашақорлықтың өзімізбен қатарлас достарымыздың арасындағы кішігірім белгілерін айта кетейін. Нашақорлықтың белгісі ретінде көбіне қара түсті заттарды киюге ұмтылуы мүмкін. Иненің іздерін жасыру мақсатында ұзын жеңді көйлек кию тән. Беттің түсі бозарады, ал кейде топыраққа ұқсас болады. Шаштың қоюлығын жоғалтады және сынғыш келеді. Мысалы, досым, сенің танысың, көршің наша тұтынуы мүмкін. Адамға тереңірек үңілсең, оның бұрынғы дос және жолдас еместігін аңғарасың. Ол ызақор, көңіл-күйі жиі өзгеріске ұшыраған, көбіне аса озбыр адам. Сен онымен мұндай нәрсенің болғанын түсінбейсің. Оның өтілі бар нашақор екендігіне сену қиын. Егер осындай белгілерді достарыңнан байқасаң дереу сынып жетекшіге немесе ата-анаңа, полиция қызметкерлеріне жасырмай айтуың керек. Жалпы саған айтқым келгені есірткісіз, зиянды заттар мен зиянды әдеттерден өзіңді аулақ  ұстасаң сонда ғана өмірің ғажапқа толы болады.
#есірткігеқарсы
#противнаркотив
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектеп 9 "А" сынып оқушысы Жәрдемхан Айқын
14 ақпан 2022 ж. 610 0