Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер тамақтағы ауырсынуды қалай емдеген дұрыс екенін айтты

Дәрігер тамақтағы ауырсынуды қалай емдеген дұрыс екенін айтты

Медициналық ғылымдар кандидаты Александра Гусева тамақтағы ауырсынуды “суықты суықпен емдеу” әдісін қолдану арқылы емдеу тиімсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, суық тию кезінде аязды ауамен тыныс алу, балмұздақ жеу және суық су ішу қауіпті, өйткені бұл әрекеттер иммундық жүйені әлсіретеді.
Сонымен қатар, суықтың пайдасы болатын жағдайлар бар, дейді дәрігер.
“Егер тамақтағы ауырсыну көмекейдің шырышты қабығының жарақаталып, ісінуінен  туындаса немесе соққының, тұншығудың салдарынан мойын тіндерінде өсіп келе жатқан гематома әсерінен болса онда мұндай жағдайда жарақаттанған аймаққа суық компресс көмектеседі", – деп түсіндірді ол.
Маман сонымен қатар мойын аймағын ысытуда абай болған жөн екенін айтады.
"Егер инфекция өршіп кетсе, тіндердің безгегі патологиялық процесті тездетеді, бұл іріңді және хирургиялық жолмен алынып тасталатын абсцесстердің пайда болуына әкеледі", — деп атап өтті Гусева.
Сондай-ақ, ол тамақты орташа температурадағы арнайы дәрілік ерітінділермен шайқауға кеңес берді.


https://stan.kz​​​
14 ақпан 2022 ж. 314 0