Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатерлі ісікті алғаш рет ашық операциясыз алып тастады

Қатерлі ісікті алғаш рет ашық операциясыз алып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жанат Күзденова елордадағы Президенттік клиникаға 4 ай бұрын тексерілуге барған. 

Пациенттің айтуынша, еш жері мазаламаған, жай ғана алдын-ала тексерілмек болған. 
Тексеру барысында қасерлі ісік табылады. Биопсия жасау үшін үлгі алынып, оның нәтижесінде қатерлі ісіктің өсіп жатқаны белгілі болады. 
Тексеру нәтижесінде ісік табылды. Дәрігер-эндоскопист Жеңісбек Тынкозиев консультация беріп, эндоскопиялық операция жасауды ұсынды, яғни іш қуысына ашық операция жасалмайды екен. Әрине, қауіп те болды. Бірақ операция сол кездегі жалғыз, дұрыс шешім болды, оның үстіне мен дәрігердің кәсібилігіне сендім. Операциядан кейінгі кезең жақсы өтті, денсаулығым жақсы, дәрігердің ұсыныстарын орындап отырдым.  Қазір міне 4 ай өтті, өзімді жақсы сезінемін, - деп бөлісті Жанат.
Біз тексеру жүргіздік, оның нәтижесіне қарап эндоскопиялық әдіспен операция жасауға мүмкіндік бар екенін көрдім. Өкінішке қарай, мұндай операцияға барлық пациент жарай бермейді. Оның бәрі зерттеу нәтижелеріне байланысты белгілі болады, - деді дәрігер-эндоскопист Жеңісбек Тынкозиев.
Ісіктің орнын мұқият тексердік. Үш ай ғана өтті ғой, ал операция бір жыл бұрын жасалған сияқты. Мұндай нәтижеге қалай қуанбайсың, - деп бөлісті Жеңісбек Тынкозиев.
Операция эндоскопиялық әдіспен жасалды. Пациенттің тік ішегінде қатерлі ісік пайда болған екен. Президенттік клиниканың эндоскописті ашық араласусыз, денеге табиғи саңылау жасау арқылы оны алып тастады. Операция эндоскопиялық тәсілмен жасалғандықтан, пациент операциядан соң екі сағаттан кейін үйіне шығарылды. Үш айдан кейін қайта тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері таңғаларлықтай. Жеңісбек Тынкозиев атап өткендей, ерте сатыда жаңа дамып келе жатқан кішкентай ісіктерді эндоскопиялық әдіспен алып тастауға болады. Сондықтан да дәрігер адамдарға өз денсаулығын үнемі тексеріп, бақылап отыруды ұсынады.
07 ақпан 2022 ж. 367 0