Алтын бүрмелі бұйым
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихи музейінде сақ дәуіріне жататын алтын бүрмелі бұйым сақталған. Бұл − жәдігер Қараторғай өзенінің бойындағы Жаңақала ауылынан табылды.
Зерттеушілер құнды жәдігерді біздің заманымызға дейінгі 500-600 жылдарға жататын сақ дәуірінің мұрасы дейді. Сақ дәуірінде қолданбалы өнер жақсы дамып, әсіресе алтын бұйымдарды зергерлік ісіне пайдалану кең етек алған.
Жәдігердің сипаты мен жасалу ерекшелігіне қарай оны «Бүрмелі алтын сырға немесе сақина» деп атауға болады. Сырғаның салпыншақ бөлігінде құмыра пішіндес 20 ұсақ бүршік бүрмеленген. Бір қарағанда, бұл бүрмелер бидай дәніне ұқсайды. Жәдігердің салмағы – 20 грамм, таза алтыннан жасалған, шеңберінің диаметрі – 2,9 см, ені – 8 мм, бұйымның негізгі биіктігі – 5,4 см, құмыраға ұқсас бүршіктердің биіктігі – 9 мм, оның диаметрі – 6-6,1 мм, құмыра аузының биіктігі – 1 мм, диаметрі – 2,5 мм.
Алтын бұйымды мұражай қорына меценат Сапар Ысқақұлы жасақтаған экспедиция мүшелері мен елордадағы Ұлттық музей жанынан құрылған «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ахан Оңғарұлы тапсырған.
https://egemen.kz