Таза алтынды қалай тексеруге болады?
Кейде алтынды ажырата алмайтын адамдар жиі алданып жатады. Осы орайда "Замана" басылымы келесі кеңестерді ұсынады:
1. Үлкейткіш шынымен (лупа) бұйымның ішкі-сыртқы жағын тексеріңіз. Онда бұйымды шығарушының арнайы белгілері анық білініп тұруы тиіс. Бұйым біркелкі түсті ме, шет-шетінде түссізденген, «жамалған» жері жоқ па, алтын жалатылған темір емес пе, сол жағына мұқият зер салыңыз.
2. Магнит қолданыңыз, тартылса, бұйымда темір көп, алтын жалатылған болуы мүмкін. Дегенмен, аллюминий, қола, мыс та магнитке тартылмайтынын ұмытпаңыз. Сондықтан алтынның тазалығын анықтауға бұдан басқа әдіс іздестіріңіз.
3. Алтын бұйым жерге құласа хрустальдікіне ұқсас дыбыс шығарады
4. Шыныға, әйнекке алтын бұйыммен сызық түсіріп көріңіз. Егер бұйым таза алтын болса, ол із түсіре алмайды, себебі алтын шыныдан жұмсақ.
5. Әшекей бұйыммен гламурланбаған фарфорға сызық түсіріп көріңіз, алтыннан сары түсті із қалады, басқа құймалар қара түсті із қалдырады
6. Алтынға йод тамызса, ол қарайған із қалдырады. Латунь, жез, мыстан із қалмайды. (Есте сақтар нәрсе – жоғары сапалы алтынның йодпен әсерге түсуі қиын, сондықтан алтынның тазалығын мұндай тәсілмен тексеру әрқашан оңды нәтиже бере бермейді). 583, 585 сынамалы алтын бұйымдарды йодтан аулақ ұстаған жөн, әйтпесе бүлінуі мүмкін.
7. Сірке суын (уксус) қолданыңыз. Бұйымды уксусқа жарты сағатқа батырып қойсаңыз, оның түсі өзгереді, Өзгермесе, бұйым таза емес.
8. Ляпис қарындашын аздап ылғалданған бұйымға жақсаңыз, жұқпайды. Ал егер ол жез болса, қара нүкте қалдырады.
9. Алтынды тістеп көрген ештеңе шешпейді. Өйткені алтын жұмсақ болғанымен қорғасын одан да жұмсақ. Дұрысы, көзге шалынбайтын тұсын сызып көріңіз, алтын жалатылған қандай да бір металл болса, көрініп қалады.
10. Қара нанға алтынды батырып, нығыздап қойсаңыз, кейін кептірген кезде дақ қалмауы керек. Ал егер жасылдау түсті дақтар қалса, онда алтын бұйым таза емес деген сөз.
11. Ең дұрысы – алтын бұйымды үйіңіздің маңындағы ломбард мамандарына тексертіп алу. Олар алтыныңыздың сынамасы мен жасап шығарылған еліне дейін дөп басып тауып бере алады.
Источник: Замана