Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпарат министрлігі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің отбасына көңіл айтты

Ақпарат министрлігі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі еліміздің көрнекті жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері – Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен  жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

Бүкіл саналы ғұмырын ұлт руханияты жолына арнаған Әбдіжәміл Нұрпейісов дарынды қабілетімен, қарымды қаламгерлік қырымен қазақ әдебиетіне мол рухани мұра қосып, артына мазмұны тозбас мәңгі көркем шығармашылық дүниелер қалдырды. Ағамыздың азаматтық болмысы, жарқын бейнесі, ел тәуелсіздігі жолында атқарған еселі еңбегі қатары көп қалың оқырмандарының есінде мәңгілік сақталатын болады. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын, – делінген министрліктің телеграм арнасындағы хабарламада.
Бүгін 16:35-те «Qazaqstan» және 14.30, 19.30-да «Abai tv» телеарналарынан жазушының көзі тірісінде түсірілген «Тұлға» хабары көрсетіледі.
05 ақпан 2022 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031