Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғұмыры ғасыр, Еңбегі асыл

Ғұмыры ғасыр, Еңбегі асыл

Картинки по запросу әбдіжәміл Нұрпейісов«Қан мен тер» трилогиясын сан мәрте өңдеп, оқып, маңдай тер, көз майын тауысқан қазақ руханиятының қайталанбас тұлғасы Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жаста. Ғасырға жуық ғұмырында отты дүниелерді дүниеге әкелген ағамыз «Қазақстанның Еңбек Ері» атануының өзі үлкен оқиға.
         Шығармалары әлемнің 35 тіліне аударылған әдебиеттің алыбы өмір бойы өз жаз­ған­дарына сын көзімен қарап, қайта-қайта өңдеп жетілдіруден тынбайтын Әбді­жәміл Нұрпейісовтің қаламгерлік ерек­ше­лігі жөнінде белгілі қаламгер Ақселеу Сей­дімбек былай деген екен: «...Әбді­жәмілдің өмір бойы жазғаны біртұтас, бір ғана эпопея десе лайық. Ол эпопеяны «XX ғасыр және қазақ әлемі» деп атауға да болар еді. Ғасыр басындағы сергелдең («Қан мен тер»), ғасыр ортасындағы сұрапыл («Курляндия»), ғасыр соңын­дағы сүргін («Соңғы парыз») біртұтас са­бақ­тас­тығымен көркем полотно құрайды». Анық сөз, әділ баға осы болса керек.
Тұтас бір ғасырда қазақ көркем сөзін өрге сүйреуден танбай, сол жолда талай-талай биік жетістіктерге жеткен Әбд­і­жәміл Нұрпейісов – бүгінгі әдебие­тіміздің көшбасшысы. Оның қаламынан туған құнды шығармалар мәңгілікті бетке алған қазақ руханиятының көгінде жұлдыз болып жана берері хақ. Аралдан шығып, алты Алашқа абыз атанған арда қаламгерге лайықты құрметтің көрсетілуі мақтаныш.
Өскен өңір ақпарат
28 қазан 2019 ж. 848 0