Футболдан көрмеген рахатты футзалдан көреміз бе?
Қазақ футболы дегенде көпшілігіміз іштей күрсініп, қамығып қалатынымыз жасырын емес. Себебін сұрасаңыз, жұрт ұлттық құраманың сүреңсіз ойынын сынға алып, үлкен футболға кететін миллиардтаған қаражатты өзге спорт түрлеріне жұмсауды ұсынуда. Дегенмен, тиынның екі жағы болатыны секілді біздің қазақ футболының да жарқын жақтары жоқ емес.
Әңгіме әрине кіші футбол, яғни футзал туралы болмақ. Себебі, спорттың бұл түрінен ұлттық құрама жігіттері еуропа мен әлем біріншіліктерінде атой салып, футбол державаларының түнде түсіне кіруде. Алдымен, Литвада өткен әлем чемпионатында Тайландты 7-0 есебімен, 1/4 финалда Иран құрамасын 3-2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан қазақ құрамасы, жартылай финалдық бәсекеде Португалия құрамасынан пенальти сериясында есе жіберді. Артынша Португалдықтардың сол чемпионатта жеңіске жеткенін ескерсек, біздің жігіттердің жеңілісі жеңіспен пара-пар деуімізге болады. Әйтсе де, бұл жетістікті кездейсоқтық деп қабылдағандар да жетерлік. Расында солай ма?

Футзалдан Еуропа Чемпионаты
Міне, араға 3 ай салып Қазақстан футзал құрамасы Нидарландыда өтіп жатқан еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Кака бапкер бастаған құрамамен бір топта Словения, Италия, Финляндия құрамалары бақ сынамақ. Команда құрамында Леонардо Игита, Біржан Оразов, Дуглас Жуниор, Альбер Ақбалықов, Тайнан да Сильва, Жомарт Тоқаев, Дәурен Тұрсағұлов сынды белді ойыншылар бар. Ал қорғаушымыз Біржан Оразов болса, гол+пас(4+1) жүйесі бойынша 5 ұпаймен турнирдің үздіктерінің қатарынан табылуда.

Турнирге тоқталар болсақ, алғашқы 2 ойынның қортындысы бойынша Қазақстан құрамасы Словениямен 4-4 есебімен тең түссе, Финляндияны 6-2 есебімен ойсырата жеңді. Нәтижесінде өз тобында көш бастап, 28 қаңтар күні Италия футзалшыларымен өтетін кездесуді күтуде. Бір байқағанымыз, құрама жігіттерінің қорғанысы әлсіз. Бұл кемшілікті Финляндияның Keskisuomalainen, Iltalehti басылымдары да байқаған секілді. Мәселен, Keskisuomalainen басылымы «Біздің құрама біріншіліктегі фавориттердің біріне лайықты қарсылық танытты. Алғашқы кезеңде Қазақстан құрамасының қорғанысынан саңылау тапқанымызбен, олар тез есін жиып, бізді тас-талқан етті» десе, Iltalehti газеті «Финляндия футзал шыңына тағзым етті» деп біздің шабуылшылардың шеберлігін жоғары бағалады. «Қорғаныстың ең тиімдісі шабуыл» деген қағидат қанша өміршең болғанымен, біздің басты қарсыластарымыз Португалия, Испания құрамаларымен кездесуде қорғаныстағы сенімді ойын аса қажет болары сөзсіз.
Турнирден не күтеміз?
Біздің құраманың топтағы соңғы ойыны Италия құрамасымен өтеді. Жеңген құрама топтан алғашқы орынмен шығуға мүмкіндік алады. Сондықтан қос ұжымға тек жеңіс керек. Олай болмаған жағдайда келесі кезеңде турнир фавориттерінің бірі Португалия құрамасына 1/8 финалда қарсылас атануға тура келеді. Бұл әрине Қазақстан құрамасын да, Италияндықтарды да қанағаттандырмайтыны анық. Сарапшылардың пікірінше бұл кездесуде біздің құрама фаворит саналады. Дегенмен, қос кездесуінде де жеңіліс таппаған Италияндықтарды оңай қарсылас деп қабылдауға мүлде болмайды. Қорғаныстағы ойынды бір қалыпты ете алмасақ, бір емес, бірнеші гол жіберіп алуымыз әбден мүмкін. Сол себепті, қақпашы Игита мен қорғаушылар Дуглас Жуниор, Даурен Нұрғожин, Біржан Оразовтар қорғаныста тас қамалдай болуы тиіс. Сонда ғана ұлттық құрамада Еуропа Чемионатын жеңіп алуға шынайы мүмкіндік тумақ. Үлкен футболдан сезінбеген жеңістің дәмін, футзалшылар сездіріп жатса, нұр үстіне нұр болмақ.

Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ