Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңашылдық – заман талабы

Жаңашылдық – заман талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ендігі даму бағытын айқындаған болатын. Онда ең алдымен ел тағдыры сынға түскен кезеңде ұйыса білген Қазақстан халқына ризашылығын білдіре отырып, дамудың жаңа кезеңін баяндады.
Иә, айтулы жиынды асыға күттік. Қалың ел болып, экранға үңіліп, әр сөзін мұқият тыңдадық. Бұл жолғы Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзі жанымызды толқытты. Елдің көкейінде жатқан әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік қауіпсіздік салаларын қамтитын көңілге қонымды бастамалары жарқын болашаққа деген үміт-сенімімізді нығайта түскендей. Әсіресе, мемлекетіміздегі барлық қауіпсіздік, күштік құрылымдардың, бизнестің, банк пен ұлттық компаниялардың, қор, ауыл шаруашылық, білім салалары бойынша түйткілді мәселелердің шешімін табу үшін Үкіметке 3 апта ішінде дамудың жаңа бағытын дайындауды тапсырды және оны кеңейтілген отырыста талқылайтын болып келісті.
Берілген тапсырмалардың негізгі мақсаты – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға бағытталғандығын баса айтқым келеді. Сондай-ақ, кеңейтілген отырыста ауыл шаруашылығы саласына дұрыс мөлшерде көңіл бөлінсе, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізер еді деді. Одан бөлек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» атты дербес қор өз жұмысын бастайтынын және оған қаржы тұрақты түрде мемлекеттен және жеке азаматтардан, бизнесмендерден салынып отыратынын жариялап, жыл сайынғы жарнасы туралы есеп берілетіні айтылды. Бұл халық үшін қолға алынып жатқан игілікті іс деп ойлаймын.
Біз, Шиелі жұрты, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдап, тиісті өзгерістер арқылы еліміз жақын уақытта дамудың жаңа кезеңіне өтіп, жаңа Қазақстанды бірге құратынымызға сенеміз. Енді жұдырықтай жұмылып Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді жүзеге асыруға атсалысуымыз қажет. Біздің күшіміз – бірлікте!

Ербол Жеңсікбаев,
аудандық мәслихат депутаты
18 қаңтар 2022 ж. 469 0