САУЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН БАСТАЛАДЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе. Бұл модель дүние жүзінің көптеген елдерінде қалыптасқан. Оның ішінде Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция, тағы басқа елдер бар. Қазақстан МӘМС қабылдауда әлемнің 50-ден аса мемлекетінің сақтандыру тәжірибесіне сүйеніп, өз жобасын түзген. Халықтың денсаулығына ден қою одан сайын маңыздана түскен қазіргі сын сағатта әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы ерекше назарда.
Бүкіл әлемге орасан қауіп-қатерімен келген бейдауа дерт соңғы жылдары еліміз үшін үлкен сынақ болғаны анық. Індет қос бүйірден қысқан осынау сын сағатта медициналық қызметтердің жүйелі ұйымдастырылуына әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз үлесін қосуда.
Расында, ұлт саулығы үнемі мемлекеттің назарынан шыққан емес. Ал, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін дамыту бұл барша халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ететіні сөзсіз. Құзырлы құрылымдар өкілдерінің айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі тиімділігі – азаматтар емхана мен дəрігерді еркін таңдап, сақтандыру бойынша əлеуметтік сақтандыру қорымен келісім-шартқа отырған жекеменшік клиникаға да тіркеле алады. Сондай-ақ, тұрғындардың бағасы қымбат тұратын диагностикалық, лабораториялық зерттеулерді тегін алуға мүмкіндігі бар. Бұл жүйе Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарын жасына, əлеуметтік мəртебесіне, тұрғылықты жері мен табысына қарамастан, тең дəрежедегі медициналық жəне дəрілік көмекпен қамтамасыз етеді.
Нұргүл Төлен,
Тұран ауылдық округі әкімдігінің шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маманы
Тұран ауылдық округі әкімдігінің шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маманы