Тілге құрмет – елге құрмет
Тілді өркендету – баршаның ісі. Тіл – тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекеттіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар.
Қазіргі қоғамда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңеюде. Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидарларға қарағанда «қазақша сайрап тұр» десе болады. Бұл біздің тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны. Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-соңды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі. «Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Айтқандай елдің болашағын, тілдің болашағын ақтау баршаның міндеті. Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал. Сондай-ақ, «Шиелі ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК тіл саясаты бойынша біршама жұмыстар атқарып келеді. Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті қызмет етіп отырғындығы қуантады. Сонымен бірге әр ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуге талпынуы қуантатын жағдай.

Бақытжан Жаншораев,
«Шиелі ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның «Персоналмен жұмыс
жасау» бөлімінің
қазақ тілі маманы