Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмірге» жол ашады

«Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмірге» жол ашады


 Бұл күндері елімізде мемлекеттік құрылыстың кезекті кезеңі – Болашағы біртұтас ұлт құру кезеңі кең құлаш жайып келеді. Онда қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамытуға бағытталған құндылық жүйелерінің «Мәңгілік Ел» және ұлттық бренд болып табылатын «Ұлы Дала елі» атты жалпыұлттық патриоттық идеялар негізінде алға қадам басу шаралары қарастырылған.

Nur Otan партиясының 2025 жылға дейін есептелген «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы – Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың реформалары бағытының жалғасы. Соның ішінде елорданы дамыту жоспары негізгі 13 басым бағытты қамтиды. Бұл – қолжетімді тұрғын үй, үлестік құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын алаптарды дамыту, қоғамдық кеңістіктер, газдандыру, жолдар, нөсер кәріздері және тазарту құрылыстары, экология, шағын және орта бизнес, бұқаралық спортты дамыту және басқалар. Партия басқарушылық тәжірибеге және қойылған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін маңызды кадрлық ресурстарға ие.
«Партия әзірлеген 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды тұғырнама – бүгінгі күннің күрделі ахуалына қатысты объективті көзқарас. Құжатта азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша барынша ойластырылған шаралар қамтылған» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, партия бағдарламасы елдің әлеуметтік ілгерілеуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді, нақты шаралар кешенін ұсынады. Бағдарлама қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды.
2021–2025 жылдарға арналған «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы өңір тынысында да оңды өзгерістер туғызатынына сенім мол. Бұған дейін Елбасы басшылық еткен жылдардағы Қазақстанның жеткен 10 жетістігің жалғасы «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» бағытымен байланысатын болады.
Аманжол Оңғарбаев
«Сыр медиа» ЖШС
Бас директоры
17 желтоқсан 2021 ж. 709 0