Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада «Алаштың Әлиханы» атты концерт өтті

Елордада «Алаштың Әлиханы» атты концерт өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Алаштың Әлиханы» атты концертін өткізді.

 Фольклорлық ансамбльдің көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» - Тоғжан Жахин.
 Ұлт алдындағы жауапкершіліктің ауыр жүгін қара нардай көтере білген, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш көсемі  - Әлихан Бөкейханның рухына арналған кеште Мәдениет қайраткері - Секен Сыздық, Мәдениет саласының үздігі - Шығыс Махан, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығың иегері - Алтынбек Әбілда, Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары -   Сәулежан Тағзия, Нұржан Мейірхан, Жақсыгелді Маясаров, Алуа Қалымбекова, Өзгеріс Шерікбай, Әйгерім  Кульшина, «Әлем» эстадалық би ансамблі және «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетіп, Ықылас, Кенен Әзірбаев, Мағжан Жұмабаев, Ескендір Хасанғалиев, Тұрсынғазы Рахимов және т.б танымал ақындар мен композиторлардың шығармалары орындалды.
https://baq.kz​​​

12 желтоқсан 2021 ж. 458 0