30 жылдыққа 30 қайырлы іс
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыс орталығындағы «Табиғи денсаулық» клиникасы Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі 30 адамды тегін диагностикалық тексерістен өткізді.
Адам ағзасын толық тексерістен өткізетін құрылғы 3 сағаттың ішінде сараптама қорытындысын шығарып бере алады. Ми тамыры, ас қорыту жүйесі, қан тамырындағы өзгерістерді анықтайтын заманауи құралдың қажеттілігі орасан. Мамандардың айтуынша, тексеру тез әрі ешқандай ауырсынусыз жүреді.
Адам ағзасын толық тексерістен өткізетін құрылғы 3 сағаттың ішінде сараптама қорытындысын шығарып бере алады. Ми тамыры, ас қорыту жүйесі, қан тамырындағы өзгерістерді анықтайтын заманауи құралдың қажеттілігі орасан. Мамандардың айтуынша, тексеру тез әрі ешқандай ауырсынусыз жүреді.
«Табиғи денсаулық» клиникасы 2019 жылы ашылған. Бас дәрігер Ләззат Қадырбаеваның айтуынша, орталықта екі диагностикалық аппарат бар. Ол 9 жүйе, 35 мүшені тексеріп қарайды. Бір адамды тексеруге 40-45 минут жұмсалады. Сонан оны ары қарай талқылау, оларға ұсыныстар беру, ем жасау, соның барлығы жалпы алғанда 1,5-2 сағат көлемінде уақыт кетеді.
Ресейдің медициналық-әлеуметтік реабилитация академиясынан дәріс алған білікті мамандар бір ғана құрылғымен адам ағзасын реттей алады.
– Тағдыр тәлкегіне түскен жарымжан жандарды қоғамға бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасау – бүгінгі қоғамның басты талабы.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесінің қарсаңында 30 игі іс-шараға өз үлесімізді қосып, мүмкіндігі шектеулі жандарды тегін диагностикалық зерттеуден өткізіп, медициналық көмек көрсетудеміз, – дейді орталық директоры Гүлжан Құндақбаева.
Тегін диагностикалық тексерістен өткен шиелілік Ақмарал Әлімбаева «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Табиғи Денсаулық» клиникасы мен қалалық мүгедектер қоғамы бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға тамаша мүмкіндік сыйлады. Тек қаланың емес, аудан тұрғындарын да ескерген қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Сәкен Алдашбаев әр ауданнан екі адамнан бүкіл ағзаны 3 сағаттық тексеруден тегін өткізуге көмек қолын созды. Осындай игілікті ісі үшін Сәкен мырзаға және ұжымына алғысымыз шексіз. Шиелі ауданына бөлінген екі жолдаманың біреуі маған бұйырғанына қуаныштымын. Диогностика ұнады, өте жоғары деңгейде қызмет көрсетті. Диогнозды дәл қойып, емін алып жатырмын» деп ақжарма лебізін білдірді.
«Табиғи денсаулық» диагностикалық орталығының директорына Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Сәкен Алдашбаев мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету жөнінде ұсыныс білдірген. Клиника оларды тегін тексеруден өткізіп, қолына дәрігерлік анықтама берген. Облыс орталығынан 30, аудандардан 30, сондай-ақ 30 мүмкіндігі шектеулі баланы тексеруден өткізген жеке меншік клиникаға қалалық мүгедектер қоғамының алғысы зор. Айта кетейік, дәрігерлік анықтама барлық медициналық ұйымдарға жарамды.
«Өскен өңір» ақпарат