«Жасыл ел» бастамаларын қолдау маңызды
Нұр-Сұлтан қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің басшысы Әлия Назарбаеваның төрағалығымен осы кеңестің ІІ отырысы өтті. Іс-шара ұйымның XVII жұмыс маусымының жабылуы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.
Жиында «Жасыл ел» ұйымының биылғы жылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы жылдың мақсаттары талқыланып, шешімін күткен түйткілді мәселелер қаралды. Кеңес төрағасы Әлия Назарбаеваның айтуынша, 2021 жылдың 5 сәуірінде өткен Кеңестің І отырысынан кейін ұйымның алдында Шымкенттегі «Жасыл ел» қызметін қаржыландыру және «Жасыл елдің» медиа бойынша жұмысын күшейту міндеті тұрды. Әлия Назарбаева екі тапсырманың да ойдағыдай орындалғанын баяндап, аймақтық штаб өкілдеріне атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ төраға ұйымның «Балапан» телеарнасымен бірлесіп «Жасыл ел» мультфильмін түсіру қызметін жоғары бағалады. «Біріншіден, атқарылған жұмыстар үшін аймақтық штабтарға алғыс айтқым келеді. Кеңестің бірінші отырысының қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы «Жасыл ел» штабының жұмысына бюджеттік қаражат бөлу және ұйымның қызметін медиасалада насихаттау міндеттері алға қойылған болатын. Осылайша, қазір «Балапан» телеарнасында табиғатты қорғауға арналған Jasyl el анимациялық фильмдері көрсетілуде. Бұл арқылы біз балалармен қатар ата-аналарын да қамтимыз. Екіншіден, жоба балалардың санасында экологиялық әдеттердің қалыптасуына әсер етеді. Бала кейіпкерлердің оқиғаларын бірге бастан кешіреді, шешім табуды үйреніп, эмоционалды интеллекттері дамиды», деді ол.
Төраға сондай-ақ Jasyl el атты жаңа ағаштарды онлайн отырғызу жобасының басталғанын атап өтті және аталған жобаға әкімдіктер тарапынан ақпараттық-ұйымдастырушылық қолдау қажет екенін айтты. Сонымен қатар Ә.Назарбаева Кеңес мүшелерін, кәсіпкерлерді, қоғам қайраткерлерін және Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының серіктестерін жобаға қатысуға шақырды.
«Жасыл ел» республикалық штабының жетекшісі Азамат Данияр Қазақстанның табиғатты қорғау ұйымдары қауымдастығымен бірігіп ұйымдастырған Stopmusor әлеуметтік жобасы туралы айтты.
Батыс Қазақстан облысындағы «Жасыл ел» штабының басшысы Аслан Тәпішев Қазақстан бойынша барлық штабтардың биылғы жұмыс қорытындыларын баяндады. Жалпы алғанда, климаттық аймақтарға байланысты 28 021 түп ағаш көшеттері отырғызылды, ал жалпы жұмыс атқарылған жер аумағы 5 508,8 гектарды құрады. Сонымен қатар Ақтөбе облысының штабы 7 орман тәлімбағында қосымша 2 миллионнан астам көшет отырғызды.
Кеңес төрағасы Әлия Назарбаева «Жасыл ел» штабтарының жүзеге асырған жобаларымен қатар түйткілді мәселелерді шешу талпынысына да оң баға берді. Төрағаның пікірінше, барлық өңірлердегі жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Жасыл ел» жүйесін заңнамалық деңгейде орталықтандыру қажет.
«Жасыл ел» жасақтарының қазіргі жұмыс жүйесі жастар саясатын жүзеге асыруда және қоршаған ортаны қорғауда қоғам, мемлекет және үкіметтік емес сектор арасындағы ынтымақтастықтың тамаша үлгісі болып табылады. Бірақ шешімді қажет ететін мәселелер де бар. Бұл үшін бірыңғай басқару жүйесін жаңартып, жұмыс жүйесін цифрландыру қажет. Кеңес мүшелерін «Жасыл елдің» орталықтандырылған жүйесін заңнамалық деңгейде қалыптастыруға көмектесуді сұраймын», деді Әлия Назарбаева.
Бұл орайда Мәжіліс депутаты, «Жасыл ел» Кеңесінің мүшесі Елдос Абақанов «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды.
Жиын соңында Кеңес төрағасы Әлия Назарбаева «Жасыл ел» облыстық штабының үздік өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары – экологиялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы жастарды маусымдық жұмыспен қамту, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеумен айналысатын қозғалыс. Қозғалыс 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.
https://egemen.kz