Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жыл Ахмет Байтұрсынұлына арналады

2022 жыл Ахмет Байтұрсынұлына арналады


Дамыған мемлекеттер көшінен қалмаудың бірден бір жолы – сапалы білім мен саналы тәрбие. Бұл туралы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылдары Әл-Фараби мен Абай жылы аталып өтсе, биыл Жамбыл жылы тойлануда, келесі жылды Ахмет Байтұрсынұлына арнау көзделіп отыр. Яғни, ұлы тұлғаларымызды ұлықтау ісі жүйелі түрде жүріп жатыр», – деді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
Оның атап өтуінше, бүгінде «кітап – мұнайдан да қымбат қазына».
Сондықтан кітап оқитын ұлтты қалыптастыру бағытында отандық шығармаларды шығару көлемін арттыру көзделген.
«Біздің мақсат – азаттықты ардақтап, Отанымызды одан әрі нығайтып, келер буынға табыстау. Өскелең ұрпақ бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Сапалы білім мен саналы тәрбие – ұлтымыздың ұлы, ұрпағымыздың ұлағатты болуының кепілі. Әлем жылдам өзгеріп жатқан уақытта дамыған мемлекеттер көшінен қалмаудың бірден бір жолы – осы. Жамбылдан жеткен өнегелі өсиеттің де табан тірер тұғыры, тамыр тартар тереңі – осы айнымас құндылықтарда. Сондықтан Жамбыл мұрасын жаңғыртып, жан-жақты насихаттау ісі күн тәртібінен түспейді»,- деді Дәурен Абаев.
28 қараша 2021 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930