Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас мүфти «Қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгерту туралы ұсыныс тастады

Бас мүфти «Қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгерту туралы ұсыныс тастады


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды көпшілік орындарында жазылған «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырды.
Бұл туралы діни басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген «қара жұма» сөзі қоғамда талқыға түсуде. Дініміз бен дәстүрімізде бар «жұма» сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын.
«Жомарт жұма» – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз. Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл – Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді, – делінген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуінде.
27 қараша 2021 ж. 911 0

Қоғам

Арнауға арқау азамат
14 шілде 2026 ж. 81

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031