Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Журналды іздеп жүріп оқитын ел

Журналды іздеп жүріп оқитын ел

Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 жылы 5 қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Осы жылы Англияда, 1668 жылы Италияда, 1682 жылы Германияда журналдар шығарыла бастады. Алғашқы журналдар, негізінен, әр түрлі кітаптарға шолу жасап, көркем әдебиет, ғылым, көркемөнер, дін салаларындағы жаңалықтарды баяндаумен ғана шектелді.
Франциялық Пьер де Шамблен де Мариво 1722 жылы «Спектатэр франсэ» атты журналға иелік еткен. Демек жекеменшік журнал да осы Франциядан бастау алған. Франция қазіргі күнде мыңға жуық журналдар шығарады. Бұл елдің журналдарын ақпараттық саяси апталықтар, көпшілікке арналған юиллюстрациялық журналдар, телеапталықтар, әйелдер журналдары, иллюстрациялы қосымшалар деп бірнеше түрге бөледі. «Пікір қалыптастырушы» деген терминді қолдану арқылы жаңалық журналдары шығатынын айта кеткен жөн. Дәлірек айтсақ, Р.Эрсанның «Фигаро магазин», «Фран-суар магазин» журналдар осы бағытқа жатады. Франция елінің әлеуметтанушылары «Фигаро-магазин» журналын интеллектуалдық басылымға жатқызған. Себебі журнал оқырмандарының 27%-ы жоғарғы білімді азаматтер екендігі дәлелденген.
Енді тележурналдарға тоқталатын болсақ, ең танымал тележурнал «Теле-7жур» журналы болып саналады. Франциялық танымал тележурналдың негізін 1960 жылы монополист Ж.Прувоның иелігінде жарық көрген. Журналдың аты айтып тұрғандай бұл теледидардағы көрсетілімдерді талқылайтын журнал болып саналады. Францияда тек бұл бағыттағы журналдар ғана емес әйелдерге арналған журналдар да кеңінен тараған. Франция сән әлемі болғандықтан әйелдердің журналы керемет сұранысқа ие. 1945 жылы «Эль» журналы бүгінгі күнде 19 елге тарайды. Осы таралымына қарап-ақ журналдың әйгілі екенін білуге болады. Бірақ бұл журнал монополистік топ «Ашетт» тобына тиесілі. XYIII ғасырда жарық көрген әйелдерге арналған журналдар оқырманның көзайымына айналған. Себебі оқырман көбеймесе, азайған емес.

Айқап – қазақ басылымының алғашқы қарлығашы
19 ғасырдың 2-жартысында журналдың негізгі түрлері қалыптасты. Көпшілікке арналған аралас мазмұнды, безендірілген журналдар көбірек шығарылды. Орыс тіліндегі тұңғыш журнал “Месячные исторические, генеологические и географические примечания в Ведомостях” (1708 – 42) “Санкт-Петербургские ведомости” газетіне қосымша ретінде жарық көрді. 1913 жылы Ресейде 1331 журнал, оның ішінде орыс тілінде 1222, Ресей халықтарының тілінде 82, шет ел тілдерінде 27 журнал шығып тұрды. Қазақ тіліндегі алғашқы журнал – “Айқап”. 1911 – 15 жылы аралығында оның 88 саны жарық көрген. “Айқап” қазақ елінің экономикасы мен саяси жағдайы, тарихы, мәдениеті мен оқу-ағарту ісі, тілі мен әдебиеті хақында келелі сөз қозғаған, шығармаларының дені ғылыми әрі көркем туынды түрінде жарияланған журнал болды. Троицк қаласындағы “Энергия” баспаханасында басылып тұрған. Редакторы – М.Сералин. “Айқаппен” бірге “Ақмола” журналы да шығып тұрды. Кейін “Садақ” (1917, татарша-қазақша), “Айна” (1918), “Мұғалім” (1919), “Қызыл Қазақстан” (1921 – 29, қазіргі “Ақиқат”), “Шолпан” (1921 – 24), “Темір қазық” (1923), “Жас қазақ” (1923 – 24), “Жас қайрат” (1923 – 24), “Сәуле” (1923 – 24), “Сана” (1923 – 24), “Жетісу әйелі” (1924), “Лениншіл жас” (1925 – 27), “Таң” (1925), “Әйел теңдігі” (1925 – 34, қазіргі “Қазақстан әйелдері”), “Жаңа мектеп” (1925 – 33, қазіргі “Қазақстан мектебі”), “Пионер” (1925 – 56), “Кедей айнасы” (1926 – 29), “Терме” (1926), “Жыл құсы” (1927), “Жаңа әдебиет” (1928 – 32, қазіргі “Жұлдыз”), “Жаршы” (1929 – 30), “Балға” (1932), “Екпінді тілші” (1932 – 33) сияқты журналдар жарық көрді. 1956 жылы “Ара”, 1958 жылы “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”), “Балдырған”, 1960 жылы “Білім және еңбек” (қазіргі “Зерде”), 1978 ж. “Пионер”, 1987 ж. “Арай”, 1994 жылы “Ұлағат”, 1996 ж. “Заң”, 1997 ж. “Алдаспан”, 1998 ж. “Амазонка”, 2000 жылы “Қазақстан”, т.б. журналдар шыға бастады. Қазақстан Республикасында демократиялық құндылықтардың берік орнығуына байланысты мемлекеттік және жеке меншік журналдар саны көбейді.

Жапон халқы баспасөзге сенім артады
Дүние жүзі бойынша медиа саласында ғаламтор үстемдікке ие дегенімізбен, Жапонияда газет-журналға тек ақпарат көзі деп қарамайды. Жеке басындағы һәм қоғамдағы мәселені шешуге серпін беретін күш деп біледі. Бұған дәлел – Жапония тұрғындарының 89 проценті айына бір рет қандай да бір мәселеге қатысты газет редакциясына хабарласады екен. Бұл жалпы жапон халқы баспасөз қызметкерлеріне сенім артады деген сөз.

Айбек Асанов,
штаттан тыс тілші
23 қараша 2021 ж. 557 0