Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Журналистика – төртінші билік. Өзге үш билік қандай?

Журналистика – төртінші билік. Өзге үш билік қандай?


Журналистиканы төртінші билік деп жатамыз. Жоғалғанның жоғын іздейтін де, үйсіз-күйсізге көмектесейік деп дабыл қағатын да журналистер. Журналистиканы бастауы тым әріде, алғаш рет б.з.б V ғасырда ежелгі Грецияда шешендер жұрт алдына шығып сөйлей бастады. Содан кейін араторлық қасиет жазуға көшті. Газеттің ежелгі түрі қолмен жазылған жаңалықтар бюллетені еді. Өз заманында Юлий Цезарь “Сенаттың актілерін”, содан кейін оқиғалар шежіресін жазған “Көпшілікке арналған тақта” жариялай бастады. Шамамен 911 жылдан бастап “Цзин Бао” атты газет (Метрополитен жаршысы) Қытайда шықты. ©ural.kp.ru 1605 жылы Страсбургте басылған Fürnemmen und gedenckwürdigen Historien қазіргі нұсқадағы алғашқы газет болып саналады. Ағылшын тіліндегі алғашқы сәтті күнделікті басылым The Daily Courant газеті 1702 жылдан 1735 жылға дейін жарық көрді. Уақыт өте келе, баспасөз “Төртінші билік” деген атпен танымал әлеуметтік құрал ретінде қалыптасты. “Төртінші билік” атауын кім енгізді? Жазудың қоғамдағы рөлі маңызды. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген еді. 1840 жылы француз жазушысы Онере де Бальзак баспасөзді “төртінші билік” деп атады. ©pikabu.ru Журналистика терминінің өзі алғаш рет Францияда пайда болған. Ал Ресейде бұл термин әуелгі кезде журналдар жиынтығы деген мағынаны білдірсе, XIX ғасырдың ортасынан бастап барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, ХІХ ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды. 1913 жылдан бастап шыққан Қазақ газеті. ©mangystaumedia.kz Оған дейін ше? Оған дейін Қазақ даласында хат-хабарлар айшылық алыс жерлерге шабарман арқылы немесе “ұзынқұлақтан” жетіп тұрған. Ел ішіндегі жетім мен жесір дауы келелі кеңесте өз шешімін тауып отырған. ХХ ғасырдың басында журналстиканы қазаққа Алаш қайраткерлері әкелді. Міржақып Дулатов: “Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді, яки қай жұрт өнерлі болса, сөзсіз оның баспасөзі күшті болатыны айдай анық” деп журналистиканың маңызын атап айтқан еді.  Журналистика – төртінші билік пе? Қош, журналистиканы төртінші билік делік! Қалған үш билік туралы ойланып көрдік пе? Жалпы биліктің мемлекеттегі орны қандай? Бұл туралы белгілі журналист Әуесбайдың Қанаты: “Журналистика ешқандай да билік тармағы емес. Конституция бойынша заң шығарушы, атқарушы және сот билігі ғана бар. Ал, төртінші деп жай ғана журналистердің мәртебесін көтермелеу үшін жай айта салған болу керек. Журналистика, ол - журналистика. Ол қоғамдық пікір тудырушы. Ал, билік шешім, қаулы, бұйрық шығарады. Журналистика шешім шығармайды” - дейді. Демек, журналистика мұндай мүмкіндіктерден ада. Шынында да мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді. Олар: атқарушы, заң шығарушы және сот билігі. Бұлай бөліну сонау ерте заманнан бастау алады. Мысалы, Аристотель мемлекеттік құрылымның кез келген түрінің негізі үш бөліктен тұрады дейді: біріншісі – мемлекеттің ісін қарастыратын заң шығарушы-кеңесші орган; екіншісі – қызметтік, яғни мемлекеттік қызметтер және олардың орнын ауыстыру әдістері; үшінші – сот органдары. Билік бөлінісі теориясының классикалық нұсқасын жасауға ерекше үлес қосқан Ш.Монтескье (1659-1753) болатын. Ол мемлекеттік биліктің үш бұтаққа: заңшығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлді. Бұл бұтақтардың әрқайсысы өз өкілеттігі аясында бір-бірінен тәуелсіз болуы керек. Монтескьенің пікірінше, биліктің бір адамның немесе бір органның қолында шоғырлануы жеке тұлға еркіндігін шектеп, қиянатқа апарады. Қазіргі кезде билік бөлінісі – саяси өмірдің түрі ретіндегі құқықтық мемлекет пен демократияның аса маңызды элементтерінің бірі. Сонымен биліктің қандай мағынасын, маңыздылығын біліп алдық. Ол Мемлекет басындағы жеке тұлғаның шектен шықпауының кепілі екен. Үш билік: қаулы қабылдайды, шешім шығарады соның жүзеге асуын қамтамасыз етеді екен.

31 тамыз 2019 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (8724)

20 қыркүйек 2019 ж.

№72 (8723)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам