Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жел, көктайғақ, боран: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы белгілі болды

Жел, көктайғақ, боран: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы белгілі болды



Қазақстан бойынша 23-25 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады.
“23-25 қараша аралығында Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклон және онымен байланысты фронтальдық бөлімдер өз ықпалын жалғастырады. Циклон бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сипатын сақтайды, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі” делінген ауа райы болжамында.
Қазгидромет хабарлауынша оңтүстік аймақтарда жылы ауа райы сақталады.
“Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасының төмендеуі түнде 2-10°-нан 18-23° аязға дейін, күндіз 5 аяздан 5-15° аязға дейін, орталықта және шығыста түнде 0-8 аяз°, күндіз 3° аяз–3° жылы, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 6°аяз–3°жылы, күндіз 9-17° жылы болады”, – дейді синоптиктер.

https://stan.kz​​​
22 қараша 2021 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031