Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн жылынады: Қазақстанда алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Күн жылынады: Қазақстанда алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 7-9 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет-ке" сілтеме жасап.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш күнде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды.
“Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, күн ашық болады. Тек шығыс пен оңтүстіктегі ауа райы циклонның кетуіне байланысты жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі. Осылайша 7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын жауады”, – делінген ауа райы болжамында.
Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсетінін ескертті. 
“Шығыста және орталықта — көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі, батыста — шаңды жел соғады. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура – 10...18- ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта - 8...15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда - 15...20-ға дейін аздап жоғарылайды”, – дейді Қазгидромет.


https://stan.kz​​​



06 қазан 2021 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031