Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық індет – жою міндет

Жемқорлық індет – жою міндет

Біз Қазақстан деген кең байтақ жері бар, көп ұлтты, зайырлы, тәуелсіз мемлекетте қызмет атқарамыз. Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар, ол – әлеуметтік мәселе.
Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе – жемқорлық. Мемлекетімізде осы мәселеге орай арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстарда баршылық.
Сыбайлас жемқорлық тек Қазақстанда ғана бар десек, қатты қателесеміз. Жемқорлықтың зардабын тартып отырған елдердің саны шашетек­тен. Бірақ, «қоғамның жегі құртына» айналған бұл індетпен жүйелі түрде күресіп келе жатқан елдердің мысалы бізге тәжірибе болуы керек.
Жемқорлықты түбегейлі жеңген ешбір ел жоқ. Бірақ, пара алу мен пара беру жағдайын барынша азайтқан, жемқорлықпен түбегейлі күресіп жатқан мемлекеттер аз емес. Қазақстан да осы жолды таңдады және соның жолында күресіп келеді.
Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат ­Ахметжанов елімізде жемқорлықтың алдын алу жолдары бар екенін, тек оны пайдалана білу қажеттігін атап өтті.
Қазір ведомство өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жолында жаңа форматтағы жұмысқа кірісті. Ол үшін Қазақстанда әрбір салада цифрландыру, ақпараттық ашықтық болуы керек.
Мен болашағы бар, сыбайлас жемқорлығы жоқ мемлекетті қолдаймын!

Ернар Мейірбекұлы,
«Еңбекші ауылдық округі әкімінің ­аппараты» КММ-нің инфрақұрылымды дамыту және жастар ісі жөніндегі
бас маманы
20 қараша 2021 ж. 763 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930