Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен қоғам болып күресу – заң бұзбаудың тетігі

Жемқорлықпен қоғам болып күресу – заң бұзбаудың тетігі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданған Заң аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл ­сайын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ұлттық баяндаманы қалыптастырады. Баяндама арқылы халыққа атқарылып жатқан шаралар толық түсіндіріледі. Бұл дегеніміз – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке қоғам болып атсалысуға шақыру. Жемқорлықпен қоғам болып күресу – заң бұзушылыққа бармаудың бірден-бір тетігі. Заңның 23-бабында жұртшылықтың (жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысу жөнінде кеңінен айтылған. Мысалы: Заң бойынша жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізе алады. Бұл нағыз өркениетті мемлекет қалыптастыру үшін жасалған қадам.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бірден бір ұстанымыз – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидасын ұстану болса, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықты ақпараттану үшін баспасөзде кеңінен ақпараттық материалдар жариялау қоғамдық жариялық деп түсінемін.
«Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде есептегі уақытта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі тіркелмеген.

Гүлбарам Жүзбаева,
«Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маман-заң қызметкері
16 қараша 2021 ж. 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930