ТУҒАН ЖЕРІН ТҮРЛЕНДІРГЕН
Жомарттық – ежелден қазақтың қанына сіңген қасиет. Мұндай қасиетке ие болған кісі жақсылық жасауды көңілі қалап, көпшілікке қол ұшын беруге дайын тұрады. Астындағы атын түсіп беретін, жапалақша басып жемей, сұңқардай шашып жейтін азаматтар елімізде көп. Солардың бірі – жүрегі жомарт жан, Қызылорда қаласындағы «Олжас» ЖШС директоры, телікөлдік Талғат Тасболатұлы.
Қол жомарттығы адамдарды әрдайым ізгілікке жетелейді. Адамдар арасындағы достықты, татулықты, береке-бірлікті нығайтып, өштік-қастықты жойып, өзгелердің құрметіне бөлейтіні сөзсіз. Ен байлықты еңсеріп, оны парасат-пайыммен жұмсап, қасындағыларға қайырымдылықпен қарайласқан азамат қашан да ел құрметіне бөленеді. Біз сөз еткелі отырған Талғат Жұматов халықтың алғысын алып жүрген осындай азаматтың бірі.
Қол жомарттығы адамдарды әрдайым ізгілікке жетелейді. Адамдар арасындағы достықты, татулықты, береке-бірлікті нығайтып, өштік-қастықты жойып, өзгелердің құрметіне бөлейтіні сөзсіз. Ен байлықты еңсеріп, оны парасат-пайыммен жұмсап, қасындағыларға қайырымдылықпен қарайласқан азамат қашан да ел құрметіне бөленеді. Біз сөз еткелі отырған Талғат Жұматов халықтың алғысын алып жүрген осындай азаматтың бірі.
Т.Жұматов 1971 жылдың 17 желтоқсанында Шиелі ауданының Телікөл елді мекенінде туған. Ол 1979-1989 жылдары осы ауылдағы №214 «Ворошилов» атындағы қазақ орта мектебінде оқыған. Мектеп бітірген соң, туған ауылындағы фермада аға шопанның көмекшісі болып жұмыс жасайды. Ал, 1990-1995 жылдары Жамбыл гидромелиорацияның құрылыс институтын бітірді.
1997 жылы «Олжас» ЖШС ашқан ол 24 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Ол басқаратын серіктестік бүгінде облысты жанар-жағармайдың барлық түрімен қамтамасыз етіп, халыққа қызмет көрсетуде. Талғат өзі басқарып отырған ұжымдағы қызметкерлердің еңбекақы төлеу мәселесіне және әлеуметтік жағдайларына жіті мән береді. Қазіргі таңда Т.Тасболатұлы 50-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Өңірдің әлеуметтік дамуына атсалысуды қасиетті борышы деп санайтын іскер азамат бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсететін іс-шараларына белсене араласады. Жыл сайын жетімдерге, тұрмысы төмен отбасыларға көмегін көрсетіп келеді. Мүгедек жандардың жұмыс жасауына қажетті станок аппараттарын алып беріп, олардың қосымша оқып жұмыс жасауларына, компьютер сыныптарын ашуға көмегін көрсетті. Ауыр науқасқа шалдыққан балалардың дәрі-дәрмектерін, жол шығындарын көтеріп отыр.
Былтырғы пандемия кезінде Қызылорда қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына 1 млн 700 мың теңге тұратын оттегі концентратын тарту етті. Сонымен қатар, 1 млн 100 мың тг болатын жанар-жағармай талонын табыстады.
Туған жері Телікөл ауылындағы «Нұрсейіт» мешітін күрделі жөндеуден өткізіп, жолын жөндеп берді. Сонымен қатар, мектеп ауласына түрлі спорттық іс-шараларға арналған спорт алаңын және 2019 жылы жалпы құны 6 млн теңге қаржыны құрайтын ерекше тайқазан мүсінді субұрқақты Т.Жұматов мектеп бітіргеніне 30 жыл толуына орай, алтын ұя мектебіне сыйға тартты.
Бизнестің өркендеуіне үлес қосқаны үшін бірнеше медалдарьмен, дипломдармен марапатталды. Т.Жұматов басқарып отырған «Олжас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі адал салық төлеуші ретінде бірнеше рет «Үздік салық төлеуші» номинациясын иеленді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл меценаты» атанды.
Бүгінгі таңда жомарт қолды кәсіпкер жолдасы Оразкүл екеуі 4 баланы тәрбиелеп отыр. Осындай қиын кезеңде жабырқағанның жанынан табылып, игілікті іске ұйытқы болған жомарт жанның ісі басқаларға үлгі болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Нұрай АСЫЛБЕКҚЫЗЫ