Шашбау – қыздың абыройын шашпау үшін тағылады

Қазақ халқы тұрмысқа шықпаған қызына міндетті түрде атаулы әшекейлерді тақтырды. Бұл әшекейлер сол заманғы қыз атаулының символы іспетті. Сонымен, шаштың әдемілігін арттырған бұл бұйымдарды тағудағы түпкі мағына қандай?
Шолпы шаштың ұшына, шашбау бұрымның түбіне ілініп, шашпен бірге өріледі. Осылайша, шаш салмағы ауырланып, ерте күнінен осы әшекейлерді таққан қыз арқасын түзу ұстап, сәнді жүре алады. Сонымен қатар, шолпы салмағының арқасында шаш та ұзын болып өсіп, ауыр салмақтың әсерінен күнделікті бас ауруы деген түсінік болмаған. Қоңыраулы шолпы тағу арқылы қыздың артық оғаш қимыл жасамауына мән берген. Әшекейдің сыңғырлаған дауысы естіле бастағанда, үйге қыз бала кіріп келе жатыр деп үлкендер реттеліп, жинақталып отырған. Шашбаудың дыбысы жиі, қатты шықса ұшқалақ, сумаң қылықты қыз болғаны, ал ақырын ғана естілген шашбаулы қыздың мінезі өте сабырлы, биязы, нәзік екенін аңғартқан.
Нұрсәуле ПІРМАҒАНБЕТОВА