Спорт саласының саңлағы
Кез келген өлкеде есімі ел есінде сақталған, туған жерге, елге қызмет еткен аяулы перзенттері болады. Оларды Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ыстықта еліне сая, суықта пана болған, еңбегі еленбей жүрген азаматтарды ұрпағы танып білуі тиіс» деген болатын. Міне, осындай қадірлі де, абзал жандардың қатарында Мадияр Испандияровта бар. Ол өзінің бекзат болмысымен дараланалып, спорт саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырып кеткен жан.
Кейіпкеріміз Мадияр Испандияров 1947 жылы Бидайкөл ауылында дүниеге келген. Осындағы сегіз жылдық мектепті тәмамдағаннан кейін, Жаңақорған ауданында механизация училищесін бітіріп, қолына дипломын алған Мадияр үш жылға жуық Шиелі ауданында «Казсельхозтехника» мекемесінде жүргізуші болып жұмыс істейді. Осы жұмысты атқара жүріп, кешкі 11 жылдық мектепті оқиды. Орта мектепті жақсы бітірген зерек жігіт арнайы мамандық алуға талпынып, асқақ арманы оны Алматыға жетелейді. 1967 жылы Алматыдағы денешынықтыру институтына оқуға түсіп, 1972 жылы оны ойдағыдай бітіреді. Осы жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтының дене тәрбиесі кафедрасына оқытушы болып жұмысқа орналасады. Әуелден мақсаты биік бозбала қызметін тиянақты атқаруға талаптанып, жұмысына белсене кіріседі. Мамандығын жетілдіруге, оның қыр-сырын терең меңгеруге құштарлық танытқан жас маман 1980 жылы аға оқытушы болады. Кейіннен Москвада педагогика ғылымының кандидаттығын қорғайды. Өзіне артылған сенім үдесінен шығу үшін жастық жігерін арнап, ар-намысын жани түседі. Әрбір істі бастамас бұрын ой елегінен өткізіп, таразылауды өмірлік ұстанымы етеді.

М.Испандияров 1994 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұлттық спорт түрлері және жекпе-жек кафедрасының меңгерушісі қызметін абыроймен атқарады. Сол жылы бокстан ФАБА халықаралық дәрежедегі төреші, 1997 жылы дүниежүзілік халықаралық дәрежедегі төреші «АИБА» дәрежесін алған. Одан соң, Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына қол жеткізеді. 2000 жылдан 2006 жылға дейін облыстық бокс мектебінің директоры қызметін абыроймен басқарады. 2000 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» атанады. 2006 жылдан 2010 жылға дейін ОҚМУ-да кафедра меңгерушісі болып жұмыс істейді. Осылайша, елге сіңірген еңбегін лайықты танып, 2017 жылы Университет Мадияр ағаға «Құрметті профессор» атағын береді. Мадияр Испандияров халықаралық дәрежедегі «АИБА» төрешісі болғандықтан, көптеген мемлекеттерде әлем чемпионаттарында төрешілік етіп, спорттың дамуына үлес қосқан еді.
Адами болмысы мен кісілік келбетін көпшілікке танытқан Мадияр Испандияров отбасы берекесінің ұйытқысы болған ардақты әке де еді. «Еркек – үйдің егесі, әйел үйдің – шегесі» дегендей, осындай абзал азамат, нар тұлғаның шаңырағының сәні мен мәнін кіргізген өзіне лайықты асыл жары бола білген, аяулы ана, Тілесқұл апай әйелдің сұлтаны деуге лайық. Дана халқымыз «адам өмірде екі таңдауда жаңылысуға болмайды» деген екен. Бірі – мамандық таңдауда, екіншісі – жар таңдауда. Мадияр аға осы екі таңдаудан да адасқан жоқ. Таңдаған мамандығы өміріне азық болса, Тілесқұл апай өмірлік темірқазығы бола білді. Білімді де, білікті екі жас құрған одақ берекелі отбасына айналды. Екеуі тату-тәтті береке-бірлікте өмір сүріп, Жанат, Айгүл, Майра, Әселім атты қыз балалары дүниеге келді. Қыздарын қияға қондырып, немере-жиендер сүйді. Өзінен өрбіген балалары еліміздің іргетасын бекемдей түсу жолында түрлі салада белсенді еңбекке араласып, қызмет етуде. Абыройлы еңбек еткен, өнегелі ісі көпке үлгі болып, артына тәрбиелі із қалдырған, жерлестеріне абыройлы ардақты болған Мадияр Испандияровтың есімі ешқашан ұмытылмайды.
Шапағат Тілеубаев