Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы ең танымал компьютерлік ойындар

Қазақстандағы ең танымал компьютерлік ойындар

Киберспорт федерациясының PR директоры Батырхан Тоғайбаев Қазақстандағы киберспорттың танымалдылығы туралы айтты. Ол сонымен қатар елдегі ең танымал компьютерлік және мобильді ойындарды атады. Бұл туралы tengrinews жазды.
Батырхан Тоғайбаев Қазақстанда 3,5 миллион адам киберспорт пен онлайн ойындарға қызығушылық танытатынын хабарлады. Оның 62,1 пайызы ерлер болса, 37,9 пайызын әйелдер  құрайды.
“Тек киберспорт жарыстарын көретіндер ғана емес, сонымен қатар тұрақты түрде компьютер немесе консоль ойындарын ойнайтындар да есепке алынады”, - деді ол.
Бұл ретте PR-директор 3,5 миллион адам көп көрсеткіш емес екенін, ал жаһандық ауқымда Қазақстанның біраз еңбектенуі керек екенін атап өтті.
“Жалпы, DFC Intelligence жүргізген зерттеуге сәйкес, әлемде 3,1 миллиард адам онлайн ойындарды ойнайды, бұл әлем халқының 40 пайызын құрайды. Яғни, біз Қазақстанның әлі де алға қарай ұмтылу керек екенін түсінеміз”, - деп атап өтті Батырхан Тоғайбаев.
Үлкен аудитория
Киберспорт федерациясының PR-директорының айтуынша, алдағы бес жылда кемінде 5 миллион қазақстандық киберспорт пен онлайн ойындарға құмар болады.
"Әңгіме өскелең ұрпақ туралы болып отыр. Сонымен бірге балалар да, ересектер де ойынға құмар. Ал егер оларды бір жас шегіне сәйкестендірсеңіз, бүгінде 13-30 жас аралығындағылар видео ойын ойнайды. Бұл біз үшін үлкен аудитория”, - деді Тоғайбаев.
Жарыстар
Кейінгі үш жылда Қазақстанда киберспорт бойынша 435-ке жуық турнир өткен. Бұл қазақстандықтардың киберспортқа деген құлшынысының артқанын көрсетеді. 
Киберспорт федерациясының PR директоры елімізде киберспортшылар саны да пропорционалды түрде өсіп келе жатырғанын айтты.
"Ұлттық турнирлер өтетін Қазақстандағы Pinger.Pro ойын платформасын пайдаланушылардың жалпы саны осы уақыт ішінде он есе өсті (13,2 мыңнан 142,5 мыңға дейін). 2020 жылы платформаны пайдаланушылардың ай сайынғы өсімі өткенде 8 мың адамға жеткен”, - деді ол.
Батырхан Тоғайбаев елде мобильді киберспорттың да танымал болып келе жатқанын айтты.
“Өздеріңіз білетіндей, киберспортпен айналысу үшін ойын компьютерін сатып алудың қажеті жоқ, жақсы смартфон болса жеткілікті”, - деді Батырхан Тоғайбаев.
Қорытындылай келе, Киберспорт федерациясы Қазақстандағы ең танымал компьютерлік ойындардың тізімін де жариялады. 
Олар: GO, PUBG, Dota2, Apex Legends, FIFA 22, PES, Fortnite, Minecraft, Rainbow Six, Rocket League, League of Legends.
Ұялы телефондағы ең танымал ойындар: PUBG Mobile, Mobile Legends, Garena Free Fire, Brawl Stars, Clash Royal, Hearthstone.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 25 маусымынан бастап киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде танылды.
Осы жылдың қыркүйегінде Қазақстан киберспорт федерациясы (QCF) жаңа жобаны – eSportsHUB Esports Academy-ны іске қосты.

https://massaget.kz
12 қараша 2021 ж. 450 0