Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалды

Дәурен Бекмұхамедов ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, ол жаңа тренерлер штабын қайта жасақтайды. 
"Қазіргі жағдайға Альберт Линдердің өлімі және одан кейін орын алған бірнеше оқиға себепші болды. Спортшылар мен жаттықтырушылардың, Альберт Линдердің туыстарының мәлімдемесі шешуші рөл атқарды.
Министрдің араласуынан кейін жаттықтырушылар штабы тарапынан өрескел заң бұзушылықтардың болғаны анықталды. Осыдан кейін құраманың бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов пен аға жаттықтырушы Сергей Седов қызметінен босатылды", - делінген министрлік хабарламасында. 
Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Ахметовтың қызметінен шеттетілгені туралы хабарлаған болатынбыз. Ол құраманы 2020 жылдан бастап басқарған. 


https://stan.kz
08 қараша 2021 ж. 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930