Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Елімізде тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда спорт жаттықтырушысы күнін ресми түрде мерекелік күндердің тізбесіне енгізу ұсынылды. Бастаманы республикалық қоғамдық бірлестігінің "Қазақстандық спортшылар одағы" көтерді деп хабарлайды Азаттық рухы.
"Елімізде көптеген кәсіби мереке бар: мұғалімдер күні, энергетика күні, қаржыгер күні және тағы басқа. Алайда бұл мерекелер тізімінде спорт жаттықтырушысы күні жоқ. Сондықтан біз спорт жаттықтырушысы күнін еліміздің кәсіби мерекелер күнтізбесіне ресми түрде қосуды ұсынамыз", - дейді одақ төрағасы Азамат Қарлығашев. Ол жаттықтырушы күнін 7 сәуірде атап өтуді ұсынды. "2021 жылдың 7 сәуірде еліміздің атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын тойлағалы отырмыз. Сондықтан біз спорт жаттықтырушысы күнін дәл осы күні атап өту керек деп санаймыз", - дейді "Қазақстандық спортшылар одағының" төрағасы.
Бұл бастаманы қазақстандық спорт ардагерлері Болат Теміров те қолдап отыр. Оның сөзінше, Қазақстанда еңбек сіңірген жаттықтырушылар көп. "Олардың көпшілігі әлем чемпиондарды тәрбиелеп, Қазақстанның атын шығарды. Алайда, олардың кәсіби мерекесі жоқ", - дейді бокстан КСРО-ның 5 дүркін чемпионы, қазақстандық спортшылар одағының құрметті мүшесі Болат Теміров. Осы орайда Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері Садық Мұстафаев елімізде жаттықтырушыларға басымдылық берілмейтінін атап өтті. "Олар оқушыларының көлеңкесінде қалып жүр. Әрине, жаттықтырушыларға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуі қажет", - дейді Садық Мұстафаев. Қазіргі уақытта "Қазақстандық спортшылар одағы" президент әкімшілігі мен мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс хат жолдағаны белгілі болды.

26 ақпан 2021 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930