Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарды қайта вакцинациялау қалай жүргізіледі

Қазақстандықтарды қайта вакцинациялау қалай жүргізіледі

Қазақстандықтар қайта вакциналау кезінде қандай препаратпен вакцинацияланады және оған қосымша анализдер тапсыру керек пе? Бұл сұраққа қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Маман ревакцинация үшін қандай препарат қолданылатынын атап өтті.
“Егер адам алғашқы вакциналау кезінде екі дозаны да инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) екпелермен алса 6 айдан кейін үдеткіш дозаны немесе векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қайта алуға болады. Векторлық (Спутник) вакцинаны салдырғандар тоғыз айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қосымша салдыра алады. Сондай-ақ, шетелде Pfizer алған бірқатар адамдар бар, оларға да инактивтелген немесе векторлық вакцина алуды ұсынамыз. Сіз ревакцинацияны бір типте ала аласыз, басқа вакциналарды да алуға болады. Үдеткіш вакцина иммунитетті ұзақ уақыт қорғайды”, – дейді Айнагүл Қуатбаева. 
Бұған қоса, ол ревакцинациядан кімдер өту керектігін атады.
“Қазақстанда ревакцинацияны ағымдағы жылдың қараша айының үшінші онкүндігінде өткізу жоспарлануда. Ең алдымен, оны осал топтан бастау керек. Олар медицина қызметкерлері, педагогтар, құқық қорғау жүйесіндегі тұлғалар. Сондай-ақ, біз созылмалы аурулары бар 60 жастан асқан адамдарды да қорғауымыз керек. Ревакцинация жүргізер алдында антиденелердің деңгейін анықтау үшін анализ бен қан тапсырудың қажеті жоқ. Бүгінгі таңда сізде қорғаныс антиденелері бар деп сүйене алатын белгілі бір стандарт жоқ. Сондықтан, стандарт болмайынша, біз бұл әдісті кеңінен ұсына алмаймыз. Кейбір жағдайларда ИФЗ тестілеуі мүмкін, бірақ ол кең қолданылмайды”, – дейді маман. 


https://stan.kz
05 қараша 2021 ж. 301 0