Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты рейстер қайта жанданады

Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты рейстер қайта жанданады

Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты әуе рейстері жанданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге рұқсат берді.
"15 қарашадан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағытында аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Бұған дейін 4 қарашадан "Северный ветер" (Nordwind) әуе компаниясы Қазақстаннан Ресейдің Калининград қаласына рейстер ашатыны хабарланды. Калининградқа Нұр-Сұлтаннан (сенбі сайын) және Алматыдан (бейсенбі сайын) жетуге болады. Жолаушыларды Boeing-737 тасымалдайды.
Сондай-ақ 6 қарашадан бастап Қазақстан мен Әзербайжан арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келеді.


https://stan.kz
02 қараша 2021 ж. 271 0