Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстаннан Сауд Арабиясына рейстер ашылады

Қазақстаннан Сауд Арабиясына рейстер ашылады

Қазан айының үшінші онкүндігінен бастап SCAT әуе компаниясы Алматы – Джидда және Алматы – Медина бағыттары бойынша аптасына бір рейспен ұшуды бастайды. «Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия  2021 жылғы 7 қыркүйектегі отырысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдады», – делінген ҚР ИИДМ таратқан мәліметте. Сауд Арабиясына рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Сауд Арабиясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады. Рейстер бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Бұған дейін еліміз 20 елмен әуе рейстерін жандандырғанын хабарлағанбыз.

https://24.kz​​​
10 қыркүйек 2021 ж. 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930