Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Берекелі алтын күз

Берекелі алтын күз

Бүгінде аудандағы жеке меншік балабақшалардың қызмет көрсету ­сапасы жақсара түскені байқалады. Білім бөлімі тарапынан қойылатын талаптарды ұқыпты ұстанатын бірқатар балабақшалар мемлекеттік тапсырысты да абыроймен орындап келеді. Солардың бірі деп «Айсұлу-Ұ» балабақшасын айтуға болады.
Жуырда аталған балабақшада «Берекелі алтын күз» ертеңгілігі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты балаларға күзгі мезгілдің ерекшеліктерін ұғындыру. Сондай-ақ, күз өнімдерімен таныстыру және олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл күй орнату. Балаларды ән салуға, би-билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой қиялдарының дамуына ықпал ету болып табылады. «Айсұлу – 7» балабақшасының әдіскері А.Раймханова мен А.Саметова жүргізген шара өте қызықты өтті. Әсем безендірілген ойын-сауық бөлмесінде балалар күзге арнап өлең оқып, ән салды. Сондай ақ, «Ботақан», «Балапан», «Балдырған» тобының балалары өз өнерлерін ортаға салды. Балалар күзгі өнімдерден көрме ұйымдастырды. Ата-аналар да бұл шараға белсене атсалысты.

«Өскен өңір» ақпарат
02 қараша 2021 ж. 1 961 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30