Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін - Халықаралық қар барысы күні

Бүгін - Халықаралық қар барысы күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қазанда әлемде Халықаралық қар барысы күні аталып өтеді. 

Бұл күн 2013 жылы Бішкектегі қар барысын қорғау туралы өткен дүниежүзілік форумда бекітілді. 
Қар барысы таралу ауқымы мен саны азая бастаған жыртқыш ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде 130-ға жуық қар барысы бар екенін хабарлайды.
Олар 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейді: Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Көлсай көлдері, Катон Қарағай, Сайрам-Өгем, Шарын, Алтын Емел МҰТП, Ақсу-Жабағылы және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары.
БҰҰ Даму Бағдарламасы аясында «Қар барысын сақтау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары» әзірленді. 
Жоспардың мақсаты қар барысының популяциясын ғылыми зерттеу болып табылады. 
Фототұзақ арқылы «Алтын-Емел» МҰТП аумағын да қар бырысы мекен ететіні анықталды. Мұнда қар барысының отбасы тіркелген. Қар барысы 2700-5000 м биіктікте өмір сүреді. 
Құйрығының ұзындығы 1 метрге, денесінің ұзындығы 2,1 м жететіндері де кездеседі. Қар барысы Қазақстаннан бөлек Қытай, Моңғолия, Индия, Непал, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Ресей, Ауғанстан, Бутан, Өзбекстан жерлерінде де кездеседі. Жер бетіндегі қар барысының жалпы саны 4-6 мың аралығында.
23 қазан 2021 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930