Қызмет қылсаң халқыңа, игі іс қалар артыңда
Кең байтақ еліміздің әр аймағында өзінің сара жолымен елге, халыққа сіңірген адал еңбегімен өскелең ұрпаққа үлгі болатын болмысы бөлек азаматтарымыз баршылық. Ал, осындай елі үшін жаратылған іскер жандарды Елбасы Н.Назарбаев: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай – талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» – деген болатын. Міне, осындай жанның бірі – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев.
Қазақ қашанда қазыналы қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан Мемлекет басшысы әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді. «Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік» деуі де бекер емес. Шындығында да, өсетін елдің өнегелі ұрпағы дария теңіз қариясын құрметтеп, кейуанасын сыйлауды әрқашан өмірлік қағида тұтқан. Осындай дәстүрлі тәжірибеден тәлім алған егемен еліміз алғашқы күннен қарттарын қадірлеп, үлкенін құрметтеуді даму баспалдақтарында басымдыққа айналдырып келеді. Осындай игі бастаманы қолға алған №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицей ұжымы «Қызмет қылсаң халқыңа, игі іс қалар артында» атты іс-шара ұйымдастырып, 1969 жылғы мектеп түлегі Серік Әбішұлымен кездесу өткізді.

1951 жылы Шиелі топырағында дүниеге келген С.Дүйсенбаев Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-механик» мамандығы және Қызылорда гуманитарлық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітіреді. Ең алғаш еңбек жолын «Казсельхозтехника» Шиелі аудандық бірлестігінің слесары ретінде бастап, 1977-1996 жылдары «Нан өнімдері» бірлестігінің инженер-механигі, директор орынбасары, директор лауазымдарында жұмыс істейді. Білікті де білімді маман екенін дәлелдей білген ол 1996-2002 жылдар аралығында «Ел ырысы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, 2002-2005 жылдары «Қызылорда ауданаралық жылу орталығы» АҚ президенті, 2005-2007 жылдары «Арзан базар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры сынды сан түрлі сатыдан өтіп, басшылық қызметтерді аброймен атқарады. Ел үшін деп тынбай еңбек еткен ердің ісі мұнымен тоқтап қалмайды. С.Әбішұлы 2007-2008 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болса, 2008-2013 жылдары Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі қызметіне жайғасады. Шиеліден шыққан азаматтың осындай шыңдарды бағындыруы, туған елі үшін де жеңіс. Сыр елінің сырына қаныққан ол қай салаға барса да, түрлендіріп, жаңа леп сыйлауға кірісетін. Сондай жұмыстың легін 2013-2016 жылдары Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарған сәттерден көруге болады. Одан бертін келе 2017 жылдары Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы болса, 2018 жылдан бері облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келеді.
С.Дүйсенов 2008 жылы ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалін кеудесіне тақты. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің төсбелгісімен, облыс және Қызылорда қаласы әкімінің «Құрмет грамоталарымен», ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл, 20 жыл толуына орай және Астана қаласының 20 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған. Ол Қызылорда қалалалық мәслихатының І, ІІІ шақырылымының депутаты болып сайланған. Айта кетейік, жерлесіміздің 2020 жылы «Өткен өмір өткелдері» кітабы жарық көрді. Ғибратқа толы ғұмыр иесімен өткен кездесуде аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил сөз сөйлеп, оқушылармен пікір алмасты. Сонымен қатар, кеш қонақтары Т.Көпешов пен Ғ.Есімов кейіпкеріміздің қыр-сырын ашатын әңгіме өрбітті. Оқушылар көкейіндегі сауалдарын жолдап, мектеп тарихы жайындағы бейнероликті тамашалады.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ