Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандыда 95 жастағы қария жұбайымен бірге екпе салдырды

Қарағандыда 95 жастағы қария жұбайымен бірге екпе салдырды

Қарағандыда тұратын 95 жастағы қария тоқсан үштегі жұбайымен бірге екпе салдырды, деп хабарлайды Хабар 24. Тыл ардагерлері Василий Лукошин мен Евгения әжей осы күнге дейін талай нәубетті бастан өткізген. Оба, шешек, безгек сынды қауіпті індеттердің барлығы вакцинадан кейін ғана тоқтағанын айтады. Сондықтан пандемия кезінде тәртіпке бағыну басты мәселе, - дейді. Ақсақал көп жыл көмір өндірісінде еңбек еткен. Айта кету керек, қазіргі күні облыс бойынша 545 мыңнан астам адам вакцина алды. Дегенмен ауруханада әлі де 718 науқас ем алып жатыр. Оның 39 жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір Қарағанды өңірі «сары аймақта». Василий Лукошин, тыл ардагері: - Вакцина алғандар індет жұқтырған күннің өзінде жеңіл түрде ауырады. Сондықтан сақтанған жөн деп шештік. Дәрігерлердің кеңесін тыңдадық, екпе туралы ақпаратпен таныстық. Негізі үйден көп шыға бермейміз ғой. Дегенмен арасында қоғамдық орындарға барамыз. Өзіңді ғана емес, өзгелерді де ойлап, жауапкершілікті сезіну керек.

https://24.kz
18 қазан 2021 ж. 280 0