Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда 99 жастағы әжей коронавирусқа қарсы вакцина алды

Алматыда 99 жастағы әжей коронавирусқа қарсы вакцина алды

Бүгін №36 қалалық емханада 99 жастағы батыр ана – Зағиша Шалова екпе салдырды. 12 баланың анасы, 15 немеренің әжесі «Спутник V» ресейлік препаратын таңдады.
«Бұл менің жеке шешімім, мен бұл аурудың мені және менің туыстарымды айналып өтсе деймін. Балаларымның барлығы екпе алып қойған. Қазір өзімді жақсы сезінем, еш ауытқулар немесе өзімді жаман сезінген емеспін, ары қарай да осылай болады деп үміттенемін», – дейді әжей.
Вакцина салу басталғалы бері Наурызбай ауданы бойынша 27 мың адам екпе алды, ондағы 40% №36 қалалық емханасында алған. Аудан бойынша екпе алғандардың арасында вакцинадан соң еш асқынулар орын алмаған.
«Тұрғындар арасында вакцина салдырғысы келетіндер саны артып келеді. Әр азамат бекітілген жеріне қарамастан қаладағы қалаған емханада вакцина ала алады. Күнделікті біздің емханаға коронавирус инфекциясынан вакцина алуға 150 -200 шақты адам келеді», -деді №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген.
Коронавирусқа қарсы вакцина алу №36 емханада демалыссыз күнделікті сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.

https://turkystan.kz​​​
23 маусым 2021 ж. 297 0