Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада Жамбы ату және Теңге ілу федерацияларының кубогы өтіп жатыр

Елордада Жамбы ату және Теңге ілу федерацияларының кубогы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде алғаш рет Жамбы ату және Теңге ілу федерацияларының кубогы өтіп жатыр.

2-4 қазан аралығында елорда төріндегі «Қазанат» атшабарында Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен қос федерацияның кубогы басталды.
Ұлттық спорт қауымдастығының мәліметінше, бұл екі спорт түрінен республикалық турнир өтеді. Турнирге үздік мергендер мен теңге ілу шеберлері қатысып жатыр.
Қос кубоктың жүлде қоры 11 миллион теңгені құрайды. Ал алдыңғы қатардан көрінген спортшыларға автокөлік кілті табыс етіледі.
Жамбы атудан үздік 24, теңге ілуден үздік 17 спортшы тіркелді, - деді Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі.
Бүгін таңғы 9-дан кешкі 17.00-ге дейін Жамбы ату мен Теңге ілуден іріктеу жарыстары өтті.
Ертең, 4 қазанда Жамбы ату мен Теңге ілуден ақтық бәсекелер болады. Сондай-ақ үздіктердің марапаттау рәсімі өтеді.
Айта кетейік, кубоктың өтуіне ұйытқы болған Жамбы ату федерациясының президенті, кәсіпкер, меценат Нұрлан Әметов.​https://baq.kz​​​
03 қазан 2021 ж. 648 0