Ұстаз бен тәрбиешінің мақсаты бір
Кез келген адам баласы үлкен өмірге қадам баспай жатып ұстаздың алдынан өтеді. Білім алып, тәжірибе жинақтайды. «Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. Шаршаса да осы жолдың бойында, қандай рақат, шын бақытын тапса адам» демекші бала тәрбиелеу жолында білім қызметкерлері шаршаса да, еңбегінің жемісін көріп рахат сезімге бөленеді. Ұстаз мамандығының ерекше тұсы – осы.
Адам өмірінде ұстаздың рөлі қандай болса, тәрбиешінің де рөлі сондай. Балабақша тәрбиеленушілері үшін тәрбиешілері оларға нұсқаушы да, ұстаз да бола біледі. Демек ұстаз бен тәрбиешіні келер күннің ұстасы десек артық етпес. «Бала естігенін – айтады, көргенін – істейді» дегендей тәрбиеші баланы сөзбен де, іспен де тәрбиелейді. Кез келген бала ұстазын, тәрбиешісін, ата-анасын, тіпті достарын да үлгі тұтып, соларға ұқсауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші бала алдында өзін лайықты ұстай білу керек. Әлгінде айтқанымыздай ұстаз бен тәрбиешінің қызметі бір-бірімен пара-пар. Ал, егер айырмашылығын айтар болсақ, ұстаз балаға әріп үйретіп, білімге баулыса, тәрбиеші кішкентай бүлдіршіндердің бойына ұлттық тәрбиені сіңіруге тырысады. Бұл орайда балабақшаның рөлі зор. Бүгінде балабақшалар да Қазақстан Республикасының Әнұранынсыз күн басталмайды. Одан бөлек салт-дәстүр, мақал-мәтел, ертегілер мен жұмбақтар, айтыс өлеңдерін жаттаумен күн жалғаса береді. Балабақшада тәлім алған бала ертегі арқылы қиялына қанат бітірсе, мақал-мәтел арқылы сөз байлығын кеңейтеді, ал жұмбақтарды жасырып, жауабын іздеудің арқасында ойлау жүйесін қалыптастырады, айтыс өлеңдерінің пайдасы да ұшан-теңіз. Ол әр баланың бойына шығармашылық қабілет дарытады.

Бүгінде ата-ананың барлығы дерлік балаларын балабақшаға апарады. Оның бірден-бір себебі – баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу. Сәйкесінше, Шиелі ауданында да балабақша саны көбеюде. Солардың бірі – «Сәпи ата» балабақшасы. Аталған балабақшаның ашылғанына үш жылдың жүзі болды. Осы үш жылдың ішінде балабақша ұлт пен ұлыстың ертеңін ойлайтын, қазіргі заман талабына сай балаларды тәрбиелеп келеді. Тәрбиеленушілердің ой-өрісін дамыту мақсатында әртүрлі сайыстар мен шараларды да үздіксіз ұйымдастыруда. Балабақша да республикалық байқауларда бақ сынап, топ жарып жүр. Тек бұл балабақша ғана емес, аудан ішіндегі бала тәрбиелеумен айналысатын орталықтың көбісі көптің көңілінен шығуда. Осы орайда орыстың ойшыл ғалымы Д.Менделеевтің «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкіртінде, өзінен шыққан ұрпағының өсіп-өнуінде» деген сөз еріксіз ойға оралады. Елдің алғысын алып, бала тәрбиелеуде ынты-шынтысын салып жүрген ұстаздар мен тәрбиешілерді көргенде олардың шаршап емес, ерекше сезімге бөленіп, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге білек сыбана кіріскенін байқауға болады.
Әлия СӘДІБЕКОВА