Өнер – ұлттың жаны
Өнердің түр-түрі мәдениеттің құрамдас бөлігі болса, мәдениет елдің өркениетін көрсететін аспекті болып табылады. Яғни, мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы.
Бұл ретте дана халқымыз «Өнер – ұлттың жаны» деп бағаласа, Елбасы Н.Назарбаев «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады» деп пікір білдіріп, әр кез өнер, шығармашылық адамдарына қолдау көрсеткен. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында «Еліміз өркениетті диалог пен өзара сыйластық мәдениетін дәріптеуі керек. Қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі. Бұл орайда, Қазақстанның мүмкіндіктері зор, соның ішінде өзін халықаралық аренада тиімді таныта алады.
Бұл ретте дана халқымыз «Өнер – ұлттың жаны» деп бағаласа, Елбасы Н.Назарбаев «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады» деп пікір білдіріп, әр кез өнер, шығармашылық адамдарына қолдау көрсеткен. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында «Еліміз өркениетті диалог пен өзара сыйластық мәдениетін дәріптеуі керек. Қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі. Бұл орайда, Қазақстанның мүмкіндіктері зор, соның ішінде өзін халықаралық аренада тиімді таныта алады.
Жас әрі дарынды мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар, қаламгерлер жаңа жанр түрлерін игеріп, ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Сөйте тұра, олар елеусіз қалып, меценаттардың көмегімен ғана күн көреді. Шын мәнінде, Қазақстан мәдениеті сол жас дарындардың арқасында жаһандық деңгейде танылып жүрген жоқ па?!» дей отырып, жыл соңына дейін жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуға тиіс» деп үкімет сарапшыларына тапсырма берді. Сондай-ақ 2020 жылдан 2025 жылға дейін жалақысы көтерілетін қызметкерлердің қатарына мәдениет өкілдерін де қосты. Мұнымен қоса, ұлттың танылуы мен бағалануы тек тарихқа байланысты емес, өнер адамдарының мәдениетке қосқан үлесінде екенін тілге тиек еткен мемлекет басшысы дамудың басты сатысы мәдениет екенін атап өтті.
Болашағын ойлайтын ел дананың ісін балаға үлгі ететіні ежелден белгілі қағида. Шүкір, ел болып ен дүрмектің ішіне енгелі мәдени-танымдық кеңістігіміздің көкжиегін кеңейтуге де көп болып көңіл аударылып жатыр. Бүгінгі түрлі үйірмелер мен шаралар соның айғағы. Мәселен, «Арман» мәдениет үйінде үйірме бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің танымын кеңейту үшін жұмыс жасайды. Соның арқасында, балалардың қызығушылығы артып, шұғылданатын хоббилері болады. Бір сәтке виртуалды әлемнен арылып, физикалық, логикалық қозғалысты іске қосады. Қоғамда болып жатқан оқиғаларға алаңдамай, балалық шақтың тәтті дәуренін сезінеді. Атап айтар болсам, Сырлы бояу үйірмесінде түрлі суреттер салып, миды тынықтырса, Арман би үйірмесінде жетекшінің үйретуімен түрлі елдердің ұлттық биімен танысып, тіпті, жарыстардан жүлделі оралуда. Сондай-ақ би үйірмесіне қатысу арқылы салауатты өмір салтын сақтанатын балалардың қатары көп.
Президентіміз Қ.Тоқаевтың мәдениет қызметкерлерін ескеруі шығармашылық жолында жүрген біздерді қатты қуантты. Расында, талантты, дарынды өнер адамдарынсыз іс-шаралардың болмайтыны белгілі. Ал, олар өз кәсібіне байланысты қайбір істі бастаса, сол бастама не шара жандана түсетіні сөзсіз. Оларға Жаратқан сондай ерекшелік пен дарынды берген. Сондықтан шығармашылық адамдары көбіне қоғамнан өзгешеленіп жүреді және олар арқылы мәдениеттің этикасы сезіледі. Көпшілік мәдениет қызметкерлерінің қызметін жақсы білмесе де, оларға артылған жүктің жеңіл еместігін біледі. Әсіресе, пандемия кезінде мәдени қызметкерлердің орны білінді. Эпидахуалдың күрделілігіне қарамастан карантиндік талаптарды сақтай отырып концерттер өткізілді. Халықты мұң баспай, баяғы мамыражай күнімізге ену бәріміздің де міндетіміз. Бірақ, елдің көңілін көтеру мәдениет майталмандарының ісі. Осы жолда «Арман» мәдениет үйі онлайн, оффлайн концерттер ұйымдастырып, халықтың көңілін аулады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар Ы.Жақаевтың 130 жылдығы және т.б. мереке күндерді өз деңгейінде атап өтті. Бүгінге дейін армандықтар қаншама шара өткізсе де барлығын жоғары деңгейде өтуіне, қонақтардың залдан қуаныштан жайнап шығуына атсалысты.
Нұргүл Шалекеева,
«Арман» мәдениет үйінің директоры
«Арман» мәдениет үйінің директоры