Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 қыркүйекте Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Ақтөбеде күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с. 24 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістанда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге жетеді.
Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының орталығында және батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұрады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылордада күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұрады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысы аймағының басым бөлігінде 1-6 градус үсік жүреді. Бесқарағай, Үржар аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі. 24 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады, төтенше өрт қаупі сақталады.


https://egemen.kz​​​


24 қыркүйек 2021 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930