Кішіпейілділік – асыл қасиет
«Қабуснамада» Ануширан патшаның «Дана деп кімді айтамыз?» деген сұрағына оның ақылман уәзірі: «Өзін басқалардан кішік, қарапайым ұстаған кісіні» деп жауап бергені айтылады. Кішіпейілділік қасиет кез келген адамның бойында болса, ақкөңіл, қарапайым болуға, ізгілік жасауға құштарлық айбат көрсетпей-ақ елеулі болуға, міндет қылмай-ақ беделді болуға жеткізеді.
Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез құлқынан, тәртібінен, сөзінен, ең ақыры, киген киімінен де аңғарылып тұрады. Ондай адамның сөзі ұстамды келеді. Қарым қатынасында тұрақтылық басым болып, аумалы-төкпелі әрекетке жол бермейді. Кішіпейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады, кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, жәрдемдесуге әзірлігі тағы бар. Кішіпейілділігі жай нәрсе емес, ол – мінез, әлеуметтік мәртебе, көпшілік қошемет тұтатын асыл қасиет. Сол үшін де халық: «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» деп оның түпкі мәнін дұрыс айтып жеткізген. Мәселен, жүректегі иман қуатының қандай дәрежеде екенін қоғамдық орындардан күнде байқап жатамыз. Әсіресе қоғамдық көліктерде ақсақалды ата мен ақ ұлпа орамал тартқан әжелер, аяғы ауыр келіншектер орын таппай қалып жатады. Көптің тасасында байқамай қалғандай болып, еңгезердей жігіттер қалғып-мүлгіп отырады.

Бірде орта жастағы әйел автобусқа мінді. Аз-кем тұрып, амалы таусылған соң, қақ алдында кірпік қақпастан терезеге қарап отырған қарындастан орын беруін өтінді. Екі-үш қайталап, сабырмен айтса да, қаршадай қыз міз бақпады. Санасына сәуле түскені сол ма, әлде қалың жұрттан қаймықты ма, біраз уақыт өткізіп барып қабағын шыта орнынан тұрып кетті. «Ұяда ұлағаттылық көрмеген бе?» деп өзіміз ұяттан өртене жаздадық.
Бала үлкенге қарап өседі. «Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді дана халқымыз. «Анасын көріп, қызын ал, аяғын көріп, асын іш» деген мақалдың мағынасы да соған саяды. Сондықтан, ата-аналар, жасы үлкендер өздері үлгі көрсетпесе, кішіпейілділік пен қарапайымдылықтың кереметтігі жайындағы сөздерінің әсері күткендегідей болмайды. Сөзімізді түйіндесек, қарапайымдылық пен кішіпейілділік үлкен кішінің бәріне жарасады. Әсіресе, қоғамдық орындарда үлендерге құрмет көрсету, оларға орын ұсыну секілді қасиеттер адамгершілікке үндейді. Данагөй Махмұд Қашқари «Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі» екенін айтқанын ұмытпайық ағайын!
Шапағат Тілеубаев