Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жігіттердің арманындағы қыз қандай?

Жігіттердің арманындағы қыз қандай?

ÐÑгÑÑÑеÑдÑÒ£ аÑманÑндаÒÑ ÒÑз Òандай?Нағыз әйел заты нәзік болуы керек деп жатамыз. Нәзіктік деген ұғымға байсалдылық, салмақтылық, кішіпейілділік сынды қасиеттер кіреді. Ал жігіттердің арманындағы қыз қандай болады? 1. Шын сүйе білу Әр жігіт өзіне деген махаббаттың ашық, пәк және шынайы болуын қалайды. Әйел адам қанша жерден сұлу, тартымды, бай, текті болса да, шын сүйе алмайтын болса, ер адам өзін бақытсыз сезінеді. Жылдар өте келе мүлде үйіне барғысы келмейтін жағдайға жетеді. 2. Мейірім Кең пейілділік, мейірімділік әйел табиғатына тән қасиеттер. Жігіттің арманындағы қыз қателіктерді кешіре білуі керек. «Сұлу әйелдің көркі көзге ләззат сыйласа, мейірімі жанға ләззат сыйлайды», – деп Наполеон Бонапарт айтпақшы, жаныңызды реніштен тазартыңыз. ©Абзал Шомитов 3. Нәзіктік Кез келген қыз бала нәзік болуы керек. 4. Дана және шыдамды Адамдар даналық пен ақылдылықты өзара шатастырып жатады. Ақыл білім деңгейімен өлшенсе, даналық өмірлік тәжірибе, өмірге деген көзқарас пен өзіндік ұстанымдармен өлшенеді. Қыз бала ерте дамиды. 20 жасында адамның жанына үңіле алады. Әрине, бұл бәріне бірдей тән қасиет емес. Дегенмен, мұны дамыту әр қыз баланың қолында. Өз үйінен кетіп, жеке отбасын құрғанда әйелге шыдамды, сабырлы болуды үйрену керек. Өмірдің сан түрлі сынақтарынан сүрінбей өту үшін қайсарлықпен қатар сабырлық, даналық қажет екенін ұмытпағайсыз. 5. Психолог Ерінің мансаптағы, жеке өміріндегі қиындықтарын жеңуге көмектесу үшін әйел адам жақсы психолог болуы керек. Өзінің ерін жақсы танып, кез келген мәселені өз ыңғайына қарай бұруды үйренуі керек. Егер сізге бір қиын сұрақта көмек қажет болса, жауабын әйелден сұраңыз. Олар өз ішкі дауысын тыңдай біледі. Жалғасы 

Massaget.kz
11 тамыз 2019 ж. 625 0