Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы заңындағы өзгерістер

Зейнетақы заңындағы өзгерістер


Бүгінгі күнде базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан баршаға бірдей тағайындалады. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгереді.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тек қана жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде (58-63/63 жаста) және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады.
Базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу кезеңдері) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері есепке алынады.
Бұған қоса, басқа әлеуметтік маңызы бар кезеңдер – үш жасқа дейінгі балаға күтім жасау, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау, дипломаттардың жұбайларының шетелде тұрған, әскери қызметшілердің, әлеуетті құрылымдар қызметшілердің жұбайының жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ болған жерлерде, бірақ 10 жылдан көп емес, тұрған кезеңдері және «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері де қосылады.
Бұл ретте, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, онда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, 10 жылдан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға ұлғайтылады, ал 33 жыл және одан көп болған жағдайда ол ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына тең болады.
Бұндай тәсіл, әлеуметтік әділдікті орнатады – адам көп жыл жұмыс жасаған сайын, оның зейнетақысы да жоғары болады. Бұл барлық зейнеткерлерге, яғни, қазіргі зейнеткерлерге және келешектегі зейнеткерлерге де қолданылатын болады.
Осылайша, базалық зейнетақының мөлшері бүгінгі күні азаматтар алып отырған зейнетақының мөлшерінен төмен болмайды.
Базалық зейнетақыны қайта есептеу үшін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпейді, яғни, зейнеткерлер ешқайда бармайды, себебі, олардың зейнетақы істерінде еңбек өтілі туралы мәліметтер бар, ал міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдері аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы дерекқорында бар мәліметтерден алынады.

Еңбек өтіліЕң төменгі күнкөріс деңгейінің үлесі, биылға 28284 теңге.
10 жылға дейін 54%
11 жыл 56%
12 жыл 58%
13 жыл 60%
14 жыл 62%
15 жыл 64%
16 жыл 66%
17 жыл 68%
18 жыл 70%
19 жыл 72%
20 жыл 74%
21 жыл 76%
22 жыл 78%
23 жыл 80%
24 жыл 82%
25 жыл 84%
26 жыл 86%
27 жыл 88%
28 жыл 90%
29 жыл 92%
30 жыл 94%
31 жыл 96%
32 жыл 98%
33 жыл 100%


Мысалы:
Әйелдің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі 13 жыл болса, қазір 10 жасқа толған мүгедек баласының күтіміне байланысты 9 жыл үйде отыр. Базалық зейнетақының мөлшері қандай болады? Зейнетақы қорына аударымдары жоқ.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап заңнамада базалық зейнетақыны тағайындаған кезде 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау кезеңі де есепке алынатын норма көзделген.
Осыған байланысты, базалық зейнетақыны тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін (13 жыл) еңбек өтілі және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау уақыты да (9 жыл) есепке алынады.
Осылайша, жалпы еңбек өтілі 22 жылды құрайды, яғни базалық зейнетақы мөлшері 28284 теңге ең төменгі күнкөріс денгейінің 78 %-ын яғни 22 062 теңгені құрайтын болады.
Көпбалалы ана, 5 баласы бар, жұмыс істемеген. Базалық зейнетақы тағайындалады ма?
Базалық зейнетақы еңбек өтілі болмаған жағдайда да тағайындалады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс істемейтін балалы әйелдердің бала күтімінің уақыты, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт базалық зейнетақыны тағайындаған кезде есепке алынады.
Бұл жағдайда еңбек өтілі 12 жылды құрайды және базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 58%-ы мөлшерінде тағайындалатын болады.
Әскери адамның жұбайы болғандықтан үнемі көшіп жүріп, жұмыс істемеген. Базалық зейнетақы тағайындалған кезде бұл кезеңдер есепке алына ма?
2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау кезде әскери қызметшілердің жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңдері есепке алынады деп көзделген.
Осылайша, жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрған кезеңді растайтын құжат ұсынған жағдайда, базалық зейнетақыны тағайындау кезінде көрсетілген кезеңдер есепке алынатын болады.

Г.Ембергенов,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Қызылорда облысы бойынша филиалы
«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық
есептеу орталығы» департаменті Шиелі аудандық
бөлімшесінің басшысы.
01 сәуір 2018 ж. 1 274 0