Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда жер астынан казино шықты

Алматыда жер астынан казино шықты

Алматыда монша кешені түріндегі жасырын казино қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес, заңда белгіленген орындардан тыс жерлерде казино мен ойын автоматтарының қызметіне тыйым салынады.
Алматы қаласы бойынша АФМ аумақтық департаментінің қызметкерлері қаладағы монша кешендерінің бірінде орналасқан жасырын казино қызметінің жолын кесті.
Тексеру кезінде мекемеде 23 ойыншы мен қызмет көрсетуші персонал болды. Жерасты казиносында тек тұрақты клиенттердің өткізу жүйесі құрылды. Ойыншылар ақшаны казино ұйымдастырушыларының карточкалық шоттарына аударып отырған.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.


https://egemen.kz

17 қыркүйек 2021 ж. 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31