Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Олимп" букмекерлік кеңсесінің жұмысы тоқтатылды

"Олимп" букмекерлік кеңсесінің жұмысы тоқтатылды

BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу деректері бойынша, компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып, белгілі бір табыс табумен интернет-ресурс арқылы лицензияланбаған әрекетті жүзеге асырған. Тиісінше, осы салаға салық салынбаған.

Қазақстан шегінен тыс ақшалай қаражатты заңсыз шығару арналары анықталып, оқшауланды. Қаржы қылмыстары саласына жататын өзге де әрекеттер тіркелуде. 2019 жылғы 29 қарашада Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Олимп" БК сауда белгісімен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet" ЖШС берілген лицензия қолданысын 6 ай мерзіміне тоқтатты, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта "Олимп" БК заңсыз әрекетінің, сондай-ақ салық заңнамасын бұзудың нақты ауқымын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

06 желтоқсан 2019 ж. 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930