Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына, Солтүстік теңіздердің аудандарынан суық ауа ығысады. Осыған байланысты түнгі уақытта ауа температурасы айтарлықтай төмендеп,  3°С-қа дейін үсік жүру мүмкіндігі бар. 

Күндіз +8+12°С-қа дейін жылынады, оңтүстік өңірлерде болса, онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі соншалықты елеулі болмайды – ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +22+27°С-қа дейін болады деп болжануда.
Үшінші онкүндіктің басында, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының ығысуына байланысты  температуралық фонның біртіндеп көтерілуі күтілуде. 
Алдымен еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы күндіз +20+25°С-қа дейін көтеріліп, келесі күндері еліміздің қалған өңірлерінде де ауа температурасы жоғарылайды. Солтүстік өңірлерде ауа +17+25°С дейін жылынады, орталық және шығыс бағандарында термометрлер +20+28°C белгісіне дейін, оңтүстік өңірлерде +28+33°С дейін көтеріледі.
Қазан айындағы алдын ала болжамға сәйкес, айдың екінші онкүндігінде ауа райы жылы болады, алайда түнгі температура төмен болады: батыста түнде +5+13°С, күндіз ауа +23+28°С дейін, солтүстік өңірлерде түнде +2+9°С, күндіз +15+23°С, оңтүстік өңірлерде түнде +8+15°С, күндіз +22+30°С.
https://baq.kz​​​
17 қыркүйек 2021 ж. 242 0